Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу

31 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
№7 ҰОҚ. Қарлығаштың ұясы (қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу)
ҰОҚ - нің оқу мақсаттары: 0. 1. 1. 3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т. б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру.
0. 2. 1. 1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.

І. Жұмыс істеуге жағымды көңіл күй қалыптастыру 0 - 1 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды.

(Т) Мүсінші Ермек құстар туралы жұмбақтар айтады. Тәрбиеленушілер жұмбақтардың шешуін табады, өз жауаптарын түсіндіреді.

(Т) Пікір білдіру.
– Балалар, сендер біздің қанатты достарымыз жайлы көп білесіңдер. Мектепте «Дүниетану» пәні арқылы олар туралы бұдан да көбірек білетін боласыңдар.

II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 - 5 минут

(Ө) Ойын - жаттығу: «Бұл қандай құс?» Тәрбиеленушілер жекелеген дене мүшелері бойынша құстардың атауын табады. Мәселен, үй құсы, жылы жаққа ұшып кететін немесе қыстап қалатын құс.

(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ - де не туралы айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

ҰОҚ - нің ортасы III. ҰОҚ - нің тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25 минут
Ұ) Көркем сөз.
Қазақ халқының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі. Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген сұраққа жауап береді. Қорытынды жасайды: құстар – адамдардың көмекшісі, сондықтан адам да олар үшін жауапты.
Ермек қарлығаштың қасына дәл сондай әдемі құстарды салуды ұсынады.

(Ұ) Әліппе - альбоммен жұмыс.
Үлгімен танысу. Тәрбиеленушілер мүсіндеудің түрі мен тәсілін атап көрсетеді.
Қарлығаштың мүсінін жасау алгоритмін түсіндіру. 1. Қарлығашты қара ермексаздан жасауға болады. Сонымен қатар қосымша ақ және кішкене сары түсті ермексаз қажет.
2. Алдымен құстың сымдай тартылған денесін жасап аламыз.
3. Содан соң домалақтап басын жасаймыз. Көлемі едәуір кішкене болады.
4. Дайын болған қос бөлшекті бір - бірімен біріктіреміз. 5. Ақ ермексазды жалпақтап алып, кеудесіне жапсырамыз.
6. Қанатына арнап қара түсті ермексаздан үтір тәріздес етіп екі бөлшек жасап аламыз. Кескіштің ұшымен қанатының ұзына бойына сызықтар түсіреміз.
7. Қанаттың жалпақтау тұсын денесіне жапсырып, үстінен саусағымызбен аздап бастырамыз.
8. Сүйір құйрығын жасау үшін қара түсті ермексазды ұзын етіп алып, жалпайтамыз. Содан соң айыр құйрығын жасау үшін ұзына бойы ортасынан тіліп кесеміз. Құйрық өз қалпын жоғалтпас үшін оған жіңішке сым енгіземіз.
9. Құйрықты жапсырып, біріктірілген жерін мұқият тегістейміз.
10. Мүсін шынайы шығуы үшін ұсақ бөлшектермен толықтырамыз. Яғни, көздерін, тұмсығы мен табандарын жасаймыз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Құстар ұшып барады».

Мектеп / МҰ: Жаңа Жайнақ ауылы №49 ОМ
Педагогтің аты-жөні: Смағұл М.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу. жүктеу
3 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқа мерзімді жоспар (қазақ әдебиеті 5 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар (қазақ әдебиеті 5 сынып)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Садокат Қайнарбековна
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Аяжан Кенесовна
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×