Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы

30 мам 2021, Жексенбі
Категориясы: Суретшілер
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
  • Қайта өрлеу тарихының пайда болуын жазған ғалымдар?
  • Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
Леонардо 1452 жылы 15 сәуірде Флоренция маңын­дағы Винчи қалашығында дүниеге келді. Әкесі - заң қызметкері, анасы - шаруа әйел. 14 жасында мүсінші, зергер бұйымдар шебері Верроккомен кездесіп, алты жыл бойы осы шеберханада болады, әлемде болып жат­қан құбылыстарға зер сала қараған ойшыл да зерек жас жігіт өнермен қатар табиғат заңдарына ерекше назар аударып, математика, механика, физика ғылымдарымен терең айналысады. "Мадонна Литта" - көлемі 42х33 см шағын ғана шығар­ма, оны суретші 1490 жылы салған. Екі ғана кейіпкер­Ана мен бала! Тұла бойын тұңғышын кеудесіне қыса ұста­ған ананың бар ықыласы мен мейірі тойған қозыдай том­пиған сәбиіне ауған. Күн сәүлесі мол түскен қос терезеден алыстағы тау жоталары мен аспан әлемін торлаған шарбы бұлттар көрінеді. Бірақ даладағы тіршілік те, табиғаттың әсем көріністері де ана назарын аудармайтын сияқты. Сол көріністер ойымды бөлмесін дегендей, жас әйел терезеге желкесін бере отыр. Леонардо да Винчи - қайта өрлеу дәуірі туғызған алыптардың алыбы. Өз заманында ол араласпаған, ол із қалдырмаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде - бір саласы жоқ. механик, математик, анатом, со­ғыс инженері, философ, физик, мүсінші, суретші - на­ғыз "сегіз қырлы, бір сырлы" азамат. 1495 - 1497жылдары Леонардо үшін қуанышты шығармашылық кезең болды. Миландағы Санта Мария Делла Грацие шіркеуі үйінің төрдегі қабырғасын eкi жылдан ас­там уақыт бойы көркемдеген еді. Сайып келгенде, бұл оның көркемдік шешімі жағынан шоқтығы биік туынды­лары деп есептеледі. Ол "Құпия кеш" деп аталады. 1499 жылы француз әскері Миланды алғаннан кейінгі дарын тағдыры бас тiккeн қауіп - қатерден арылмады. Жаны жаралы, көңілі құса болса да Леонардо қаламын тастамады. 1503 - 1506 жылдар аралығында Флоренцияға оралып, оқ пен от ортасында жүріп - ақ дүниені дүр сілкінткен, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу­маржаны саналатын Мона Лиза - Джоконданы салған еді. Джоконда туындысы бес ғасыр бойы көрген жанды сүйсіндірмей, ынтыңтырмай қойған емес. Солай бола тұрса да, ол жайындағы алуан - алуан пікірлер, қызу ай­тыс - тартыстар бір сәт саябыр таппай келеді. Рас, сан жағынан алғанда Леонардо суреттері саусақпен санаған­дай - ақ. Бірақ, оның бірде - бірін мыңмен айырбастамас еді. Леонардоның қаламының құдіреті де осында.
Мүсіншінің мәрмәр тасқа жан бітіріп, сонша сымбатты, сұлу тұлғаны көз алдыңа келтірген шеберлігіне қалай қай­ран қалып, қалай таңдай қақпассың? Өнер құдіреті, сірә осындай - ақ болар. Ол құдірет иесі - 1475 жылы 6 наурызда дүние есігін ашып, бес ғасырдан астам уақыт халыққа өзі өлсе де өлмес, өшпес мұрасымен мінсіз қызмет жасап келе жатқан Ми­келанджело еді. Ол - тасқа тіл бітірген талантты мүсінші, сырлы бояуға нұрлы өмір берген шебер суретші, сөулет өнерінің сайыпқ­ыран сарбазы, жүрегімен жыр то­лғап, сыр төккен ақын еді. Сол өнер көгіне өрмелеп шығып, өршіл мінез, өмірлік із қалдырған Мике­ланджелоның қай шығармасын алмаңыз, ең алдымен адамды, оның ақыл - парасатын, ерлігін, еңбегін арқау етеді. Ел бақыты еркіндікте, бейбіт бостандықта деп білген алғыр ойлы суреткер халық қамын жеген қолбасшыны, адамзат баласына адамгершіліктің ізгі қасиетін ғана тілеп аялы алақанын, елжіреген жүрегін ұсынған ананы жырлап, со­лардың кесек тұлғасын көркем бейнеледі. 1496 - 1501 жылдар. Рим. Микеланджело өміріндегі елеулі кезең: Ватикан сарайларындағы ежелгі дүние ескерткіштерін жиырма бес жастағы суретші бес жыл бойы зерттейді. Мирон, Поликлет, Фидий стильдерімен таныса­ды. Римдегі Әулие Петр соборындағы белгілі мүсін - "Пье­та" ("Жоқтау") дәл осы жылдары қолға алынады. 1504 жылы" Давид" Флоренция қаласының орталық алаңына үлкен салтанатпен қойылды. Жиналған халық­тан жер қайысты. "Алып жасасын", "Fажап''', "Теңдесі жоқ өнep ғой" деген қуанышты үндер естіліп жатты. Бұл күн - Давид мүсіні дүниеге келген ұлттық мереке күні болып жарияланады. Бұл тарихи күн ұрпақтан - ұрпаққа аңыз болып жетті. Осы күннен бастап жас Микеландже­ло Италияның бірінші шебері болып аталады. Микеланджело қалдырған көптеген мұраның тәрбиелік маңызы уақыт өткен сайын арта түспек.
Рафаель Урбинода туған. Лондондағы Ұлттық галереяда оның 1500 жылы, яғни Рафаэльдің бар болған он жеті жасында салған «Рийардың түсі» картинасы ілулі тұр. Эрмитажда іліулі тұрған «Констабиле - құдай ана» картинасын әлдебір ішкі ұстамдылық пен жан дүниесінің сабырлылығы нұрландырып тұрғандай. Рафаэль шығармашылығының Флоренция кезіне 1506 жылдары, жиырма үш жасында салған автопортреті жатады. Шамамен осы 1506 жылдары ол жаңа, неғұрлым күрделі композициялық ізденістерден туындап, флоренциялық мектептің айқын кескіндемелік дәстүрлеріне тән ғаламат шеберліктің салтанатын одан әрі арттыра түскен: «Көк оранған Құдай - ана», «Балапан ұстаған Құдай - ана», «Ғажайып бағбан» атты суреттерін жасады.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2. Акишев А. К. Искусство и мифология саков. Алма - Ата, Наука, 1985.
3. Акишев К. А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б. А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма - Ата, Онер, 1983.
4 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретшілер қоғамының  жұмыстары
Суретшілер қоғамының жұмыстары
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Суретшілер қоғамының жұмыстары туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Ғылыми білімнің дамуы
Ғылыми білімнің дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна "Үздік ашық сабақ" номинациясы бойынша
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Интеллектуалдық ойын: XXI ғасыр көшбасшысы (10 сынып)
Интеллектуалдық ойын: XXI ғасыр көшбасшысы (10 сынып)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің Технология пәні мұғалімі: Джанбаева.М.Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×