Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым

26 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» (ата анамен жұмыс)
Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы алтын ұясы екенін түсіндіру, ата анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып, ата ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Барысы:
1. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)
2. Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?»
3. Жат қылықтардан аулақ болайық «Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейміз»
4. Пікір айтсам... «Топтық пікірлер»
5. «Балаңызды қалай жақсы көресіз?» Мимика, жест
6. Музыкалық сәлемдеме.
8. «Бақытты жанұя»

Құрметті ата аналар, ұстаздар! Сіздер бүгінгі «Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» атты тренингімізге қош келдіңіздер.
Ата аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. осы мәселеге ата аналармен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, онда асуымыздың биік болары сөзсіз. Ата анаға баладан басқа ешкім керегі жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандаймыз. Қазіргі қоғамда ата ана баладан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата ананың бақыты неде? Баққыты жанұя қандай болмақ? Міне осы тұрғыдан сөз қозғаймыз
Таныстыру:
- Әр топ өздерін таныстырады. (өлең шумақтарымен, видео, слайд түрінде)
- Ұпай беру.

Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. Менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?
Ой қозғау
«Бала деген кім?»
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. Қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.

Ата анаң өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапты екенін естен шығармау керек. Ендігі кезекті «Пікір айсам деп едім...» айдарына берейік.
- Әр топқа сұрақтар беріледі.
І топ: Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз неде?
ІІ топ: Баланы еңбекке неше жастан және қалай үйретеміз?
ІІІ топ: Біздің баламызға қалай көмектесеміз?
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.

Әр бір бала дара тұлға. Балаларыңызды қаншалықты жақсы көретіндеріңізді мимика, жест арқылы көрсетесіздер.
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.

Музыкалық сәлемдеме.
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.

«Бақытты жанұя» (плакатты қорғау)
- Әр топтың жауабын тыңдау, ұпай беру.
- Жалпы ұпай санын анықтау, әр топты мадақтау
Құрметті ата ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың яғни балаларымыздың қолында, ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да сіздерді балаларыңыз бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер. Әр бір отбасына бүгінгі көктемнің күнінің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке бірлік, бақыт тілей отырып «Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» атты тренингімізді аяқтаймыз.

Жүректен жүрекке
Барлық ата – аналар шығып жылы лебіз тілектерін айтады.
10 774
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бала – отбасымен бақытты.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Отбасым - бақыт мекені
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Қызғалдағым
Қызғалдағым
Молдағалиев Ерхан Болатұлы
Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг
Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×