Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі.
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сенімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.
Өткізілу түрі: дөңгелек үстел
Өткізілу әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, жағдаяттық сұрақтар.
Жүру барысы: Құрметті ата - аналар «Отан от басынан басталады»демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы бала. Бала дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері
Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай аламыз. Енді бәріміз шаттана қуанып, бір - бірімізге жақсылық тілейік.
Мен бүгінгі пікірталасымызды М. Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең.
Қайтсем ғана осыны адам етем.
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шалама екен.
Ойым емес, оллаһи біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен.
Туа салса тұлпардың жалын тартқан.
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұлда бір күн алаулай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Жүргізуші. Перзенттеріңіздің атынан Т. Айбергеновтың «Перзент жыры» атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз

Перзент жыры
Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп төгем
Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің.
Қай нәрсе сол жүректі сүйеді екен?
Сен мені өскен сайын ойландырып,
Заңдарын табиғаттың ойға алдырып,
Бір қадам басқан сайын өзің мені
Барасың шежіреге айналдырып.
Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көрсететін айнасы. Сондықтан ата - аналар мен сіздерге бүгінгі кешіміздің «ойланайық, пікірлесейік!» айдарында мынандай сұрақ қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Қазіргі жас өркен мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да балаға бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты. Ұлы Абай атамыз «баланы ең алдымен ата - анасы, сосын ұстазы, содан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен. Сіз қалай қарайсыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×