Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасым - бақыт мекені

10 қыркүйек 2023, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Аялы алақан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол - тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
1 - жүргізуші: Отбасы - алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата – анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлы Абай бұл туралы
«Ата - анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

Келесі орындалар әніміз сіздерге арналады құрметті аналар.
Ән « Анашым»
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік салтанатты ашу үшін ортаға мектеп басшысын шақырамыз.
1 - жүргізуші: О, ата - ана!
Таянышы, тірегі,
Бар бақытты бір басыңа тіледі,
Балаларым жақсы болсын деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
2 - жүргізуші: Шариғатта да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. « Балалар - ата - аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ендеше ортамызда «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын» деп балаларын әлпештеп өсірген аяулы аналарымыз отыр.
1 - жүргізуші: Құрметті халайық! Бүгінгі мерекенің ең салтанатты сәті келді. Балаға жүрек жылуын, аналық мейірімін, қамқорлығын аямай беріп отырған асыл аналарымызды «Жылы жүрек» номинациясы бойынша марапаттау үшін ортаға шақырамыз.
(«Жылы жүрек» номинациясы бойынша марапаттау)
2 - жүргізуші: Қамқорым, асыл анам, ғазиз анам
Жүресің бар жақсылық тілеп маған
Өмірде еш жамандық көрмей жүрші,
Тілерім осы ғана менің саған.
Ән «Мама»
1 - жүргізуші: Біздің салтанатты рәсіміміздің келесі номинациясы «Болашаққа үлес». Ортаға білім саласында көзге түсіп жүрген оқушыларымыздың ата - аналарын шақырамыз.
(«Болашаққа үлес» номинациясы бойынша марапаттау)
2 - жүргізуші: Сырымды менің бес саусақтай біледі,
Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.
Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,
Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.
Ән «Асыл әжем»
1 - жүргізуші: Шіркін қолдан келгенше адамға жақсылық жасағанға не жетсін! Адам жанын шынайы қуанышқа бөлейтін бірден бір ізгілікті іс қой ол. Еліміздің қаншама жас түлектеріне спорт саласында белгілі жетістіктерге қол жеткізген жас ұрпақты тәрбиелеп отырған абзал жандар да баршылық. Спортта биік жетістіктерге қол жеткізген жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ата - аналарымызды «Спортқа үлес» номинациясы бойынша марапаттауға ортаға шақырамыз.
(«Спортқа үлес» )
2 - жүргізуші: Алдымен сүй ардақты ата - анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады,
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейіріміне ата - ананың жасалады.
Ән «Әкелер»
1 - жүргізуші: Жетекші боп балаңызға жүрдіңіз бе?
Бізді ойлап көңіліңіз жүдеді ме?
Достарым, тыңдаңыздар ана сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де.

( Сөз кезегін ата - аналарға береміз.)
Ән «Тәй - тәй»
2 - жүргізуші: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қияда
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы - жаман болса бала солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам боп өсуіне байланысты. Ал балаларыңыздың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты. Ал, оқушылар, сіздер болашақта ата - ананың үмітін ақтар, елін сүйер саналы азамат болады деген сенімдеміз.
Ән «Бір тілек»
1 - жүргізуші: Ата - ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата - ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата - ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата - ана деген алтын қазық, алтын бақ
2 - жүргізуші: Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Аялы алақан» атты кешімізді аяқтаймыз.
6 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Жайтакова Лаура Тулепкереевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің аға тәлімгері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×