Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәт сапар саған, Жас түлек!

23 мам 2024, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі
музыка әуені
Жүргізушілер шығады:
I - жүргізуші: --------------------------------
II - жүргізуші: ------------------------------

I – жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
II - жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметін мектеп бітіруші түлектер, үлгілі озат оқушылар, бірнеше рет аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, «Алтын белгіге» үміткер білімпаздар --------------------------------- тапсырылады.
I - жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өз әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран

II - жүргізуші: « Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!. ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.
ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады

I - жүргізуші: Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің лицейіміздің 34 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

II - жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр

II - жүргізуші: Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «а» сынып жетекшісі: --------------------------- есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз. Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай ақ бұрышқа
Жұмыста ылғи қайсарды
Көрмейміз мұндай жайсаңды
Біздің мықты жетекші
Тойған апайды айтсаңшы

I – жүргізуші: Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «б» сынып жетекшісі: -------------------- есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз.
Сыныбының ұйтқысы, анасы
Барлық шәкірт ұстаздардың баласы
Жетіп жатқан жетістік пен ұйымшылдық арқауы
Ғалия апай сыныбының данасы
Шәкірт барма ұстазымен мақтанбас
Сынып еді үміт, жігер тапталмас

II - жүргізуші Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Бітіруші түлектерді шақыру
II - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне

II – жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының ---------------------------- мырзаға беремін.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

I - жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз - дей келе бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған Бейнеу ауданы әкімі басшы ----------------------- мырзаны, аудандық білім беру бөлімі бастығы --------------------құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегін беремін.

II - жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Осы бір мектебі үшін жанын салған,
Сөз кезегі - ғылыми - жетекші бапкерге.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы,
«Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі
Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы

Толық нұсқасын жүктеу
12 229
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі
Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі
Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған «Мектеп бітіру кеші - 2018» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Қош бол, алтын ұям - мектебім
Қош бол, алтын ұям - мектебім
Қош бол, алтын ұям - мектебім» соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келіпсіздер!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Сыңғырла  соңғы қоңырау
Сыңғырла соңғы қоңырау
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано»класының оқытушысы Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×