Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәт сапар, саған Жас түлек!

11 мам 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мардан Байділдаев атындағы
№ 232 орта мектептің 2022 - 2023 оқу жылындағы «Сәт сапар, саған Жас түлек!» атты салтанатты жиынның сценарий
Уақыты: 25 мамыр сағат 9 - 00
(Барлық оқушылар сынып бойынша сапқа тұрғызылған. Мектеп ауласы шар, жалаушалармен безендірілген.
Би: «Соңғы қоңырау»
Фонфары. Көңілді әуен музыкасымен ортаға жүргізуші шығады.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата - аналар мен қонақтар!
1 - жүргізуші: 2022 - 2023 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған, 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің – мектеппен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың – шәкірттермен қоштасу мерекесі «Сәт сапар, саған Жас түлек» атты соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер болып қалмақ. Биылғы жас түлектер мектеп табалдырығын тарыдай болып 2006 жылы аттап, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, балғын балалық шағын өткеріп, ұмытылмас естеліктер мен ұлағатты ұстаздармен қоштасып, дәл осы күні 2023 жылы таудай болып баянды болашаққа қарай бет алғалы отыр. Көзді ашып жұмғанша11 жылдың қалай өткені де байқалмады.
Соңғы қоңырау осы жылы түлектер үшін расында да соңғы рет соғылады. Жас түлектерге үлкен өмірге жолдама беріп, ақ жол тілейміз....
1 - жүргізуші Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2 - жүргізуші: Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық жар салайық.
Биылғы 11 - ші сынып түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
Сынып жетекшісі. Әбішева Нағима
Жай музыкамен 11 сынып оқушылары ортаға шығады, түлектер орындарына келіп тұрады.
1 - жүргізуші
Құрдастар, сыныптастар, парталастар,
Шәкірттер бір кездегі балғын жастар.
10 жыл. 25 жыл мектепті бітіргелі
Бастарын қосқалы отыр, бүгін достар.
2 – жүргізуші: Бүгінгі біздің салтанатты жиынға мектепті жылы бітірген түлектер, яғни 10 жылдық, 25 жылдық кездесуге келген сыныптастар қонаққа келіп отыр. Ендеше салтанатты жиын алаңына осыдан 10 жыл, 25 жыл бұрынғы мектеп түлектерін шақырамыз.
/келіп орналасады/
Сариев Болат ағай (АӘД пәні мұғалімі): Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзеңдер!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын! (Музыка әуенімен айтылады)
1 - жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар! «Сәт сапар, саған Жас түлек» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
Бүгін – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
2 - жүргізуші Мектебім, ардақты алтын бесігім.
Өңірге аян, сенің даңқын, есімің.
Білім қуған ұл - қызына қазақтың
Жомарт жолмен кең ашылған есігің
1 - жүргізуші Талай қызық балалықты бір кештік,
Мектеппенен есейіп біз бірге өстік.
Бүгін, міне соңғы қоңырау күнінде
Қия алмайтын пәк сезіммен үндестік.

Сәт сапар саған Жас түлек. жүктеу
11 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Рахмет, саған алтын ұя мектебім!
Рахмет, саған алтын ұя мектебім!
"Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп - интернат"КММ 4 сынып тәрбиешісі Камзабаева Лязат Орынбасаровна
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандугаш Сагиндикова Кадиргалиевна
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×