Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі

06 маусым 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиынның сценарийі
Фанфар ойналады
1 жүргізуші:
Сіздердің тамашалағандарыңыз, Республикалық байқаулардың жеңімпаз бишілері 10 сынып қыздарының «Қамажай!» биі.

2 - жүргізуші:
Қайырлы кеш, Қадірменді қонақтар мен ұстаздар! Қымбатты ата - аналар!
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген, «Мектеп бітіру кеші - 2018» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! (бірге)

1 - жүргізуші:
Шыңдалып ата - баба рухымен,
Біз бүгін егеменді ел, әлем білген.
Қазақтың бір баласы ой тастап тұр,
Жаһанның мәртебелі мінберінен.

2 - жүргізуші:
Жаңғырып өмір сәні келер күнмен,
Бір күнім мүлде жаңа бір күнімнен.
Еліңнің болашағын айт десе егер,
Дер едім - Болашағы – зерделі өрен.

1 - жүргізуші:
Бүгінгі күн – түлектер үшін қайталанбас, маңызды да мәнді, тебіреніске толы күн! «Өмір күнделігіне» өшпестей етіп жазылатын ерекше күн!

2 - жүргізуші:
Иә, биыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне ------- жыл толуы, мерейлі мерекеге ұласқан жыл!
Сондай - ақ бұл жылы мектебіміздің 26 - шы түлектері өмір белесіне қадам басқалы тұр. Ендеше, бүгінгі түлектеріміздің мерекесіне тағы да қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші түлектер, Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне үлес қосатын сендерсіңдер. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, Гимннін асқақтататын, Егеменді еліміздің ертеңі мен болашағысыздар! Ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін Мәңгілік елдің азаматтарысыздар!

2 - жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысып отырған қонақтармен таныс болыңыздар:

1 - жүргізуші:
1. ------------- Білім бөлімінің әдіскері
2.---------- ауылдық округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы
3.---------- ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы
4.------------ ауданының құрметті азаматы
5.----------------- Санат - Жергілікті қоғамдастықтың төрағасы
6.--------------- Ардагерлер кеңесінің мүшесі

2 - жүргізуші:
Алтын ұя мектебі №20 орта мектеп табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп, ортаға шақырайық!

1 - жүргізуші:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Гүлжазира апай сізге ерекше көп алғыс,
Әрдайым шын қөңілмен құшақ жая қарсы алған – деген бітіруші түлектеріңіз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 А сынып жетекшісі Аудандық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» жеңімпазы, еңбек өтілі 19 жыл, бірінші санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі Абдраимова Гүлжазира Айтбайқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!!

2 - жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,
Ғалия апай сіздей қайда бар адам?!- деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 ә сыныбын бастап келе жатқан Аудандық «Үздік жаратылыстану пәнінің мұғалімі - 2017» байқауының 2 орын жеңімпазы, мектеп тренирі, бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі Қойбағарова Ғалия Тұрмағамбетқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!

1 - жүргізуші:
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлеммен.
"Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Анар апайға әрқашан арнаймыз жақсы өлең! - деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 б сыныбын бастап келе жатқан, бітіруші түлектерімен ағылшын тілі пәнінің екінші санатты мұғалімі, аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясының дарынды оқушыларын үздік дайындаушы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ------------------ қарсы алыңыздар!!!
1 - жүргізуші:
Ұстаз - болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның ақылдығы - деген бітіруші сыныбыңыз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 В сыныбын бастап келе жатқан, 29 жыл еңбек өтілі бар, жоғарғы санатты, Аудандық олимпиадаларының мақтау қағазының иегері бітіруші түлектерімен орыс тілі пәні мұғалімі, -------------------- қарсы алыңыздар!!!

2 - жүргізуші:

Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!

2 - жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін!

1 - Жүргізуші:
Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде жиынға енгізілсін. Мемлекеттік туға тіктел!
Ту ұстаушылар:
1. Облыстық еркін күрестен 2 орын иегері, 10 Ә сынып оқушысы ----------------
2. Аудандық бокстан 3 орын иегері 10 сынып -----------------
3. Аудандық еркін күрестен 3 орын иегері --------------------------
(ГИМН орындалады)
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар адам өмірінде «Жұлдызды сәттер болады». Бүгінгі күн де оқушылар үшін сондай бір белес, әрі жұлдыздары жанған күн деп білеміз!

1 - Жүргізуші:
Ортаға өз білімдерімен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің, ауданымыздың абыройының асқақтауына үлес қосқан жас түлектерімізді ортаға шақырып, мәртебесін асқақтататын күн деп санаймыз!

Мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиын сценарийі. жүктеу
20 362
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×