Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел

17 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Мақсаты:
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше кенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Түрі: кездесу кеш.
Қатысушылар: 7 – 8 сынып оқушыларының әкелері.
Көрнекілік: «Әке – асқар тауым» атты плакаттар, «Менің отбасым» сурет көрмесі, слайд, карточкілер т. б.
Қолданылады маркер, плакаттар, түрлі түсті қағаз фигуралар, сауалнама парағы, мақалдар, жаднама, қайшы, желім т. б.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. Тренинг «Танысу»
3. «Әкешім - тірегім»
4. Тест «Бала тәрбиесі»
5. Сұрақ - жауап оқушы мен әкелерге
6. РЕФЛЕКСИЯ

Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті әкелер!
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені анық. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшырататын әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр бір отбасында ата - ананың орыны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ұлтымызда «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де солай сияқты» деген Ж. Ж. Руссо.

Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар.
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді? (мәлімет беру)

1. Тренинг «Танысу»
- Сіздің есіміңізді кім қойды?
- Сіздің есіміңіз қандай мағына білдіреді?
- Сізге өз есіміңіз ұнай ма?
- Есіміңізді өзгерткіңіз келе ме?

2.«Әкешім - тірегім»,
1. Бұрынғы отбасы, кәзіргі отбасынан өзгеше болған, деген ұғым бар неге деп ойлайсыз?
«Егер мен сиқыршы болсам...» деген тақырыпта балалардың жүрек жарды әке туралы ойларын білсек.

3. «Қоршаған ортаның балаға әсері» қандай деп ойлайсыз?
Қоршаған орта
● Жаман жағы-------
● Жақсы жағы-------

Тест «Бала тәрбиесі»
Әр дәуір кезеңінде ата – ана балаға тәлім – тәрбие берумен бірге, олардың бойында ақыл – қайрат, білім – тағылым алуға үнемі көңіл аударып, жеке мән беріп отырған.
Құрметті әкелер, Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс – тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата – ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни, әрбір сұрақтан кейін сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес жауап нұсқаларын белгілеңіз. Іске сәт!

1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып, немесе бет – аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта - қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешуі керек.

2. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата – аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.

3. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз;
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз;
б) балаңызды жеңілуді ұнатуы үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.

4. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйықтауы керек болса да жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытта жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 220
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Ата - ана бақыты - бала тренинг
Ата - ана бақыты - бала тренинг
«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Мен және жанұям
Мен және жанұям
Ақмола облысы, Зеренді ауданы КММ "Пухальск негізгі мектебінің" бастауыш сынып және химия, биология пәндері мұғалімі Абдрахманова Жадыра Серкбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×