Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты

31 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 «ә» сыныбында өткен «Әке көрген оқ жонар» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекіліктер: 1. Әке – асқар тау.
2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
3. Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.
4. Әке – шаңырақтың негізгі тірегі.
5. Әке - балаға сыншы.

Тәрбие сабағының барысы:
(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)
Мұғалім:
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
Әке! Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек. Өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Олай болса, құрметті біздің әкелер балаларыңыздың ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
«Атамекен», «Сарыжайлау» «Өз елім» әндері бойынша 3 топқа бөлінеді.
1 – топ: Ардақтылар тобы
2 – топ: Құрметтілер тобы 3 - топ: Қадірлілер тобы
/ әкелерді 3 топқа бөліп отырғызу/

1 - оқушы: Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап, көтеріп алатын.

2 - оқушы: Бойға қуат береді
Әй жарайсын дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.

3 - оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

4 - оқушы: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

5 - оқушы: Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.

6 - оқушы: Әкем шытса қабағын -
«Байқа балам» дегені.
Алған көп - ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.
Ән «Жас ұлан» орындайтын Едіге Жаннұр.

7 - оқушы: Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баласын.

8 - оқушы: Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгіңде.

9 - оқушы: Аңсаймын жылы сөзіңді,
Ақылшым болған кезіңді.
Есімде әке сақтаймын,
Асқар биік өзіңді.

10 - оқушы: Арманым едің аңсаған,
Әкелсем бақыт мен саған.
Ұрпағың болып жалғадым,
Қуаншы, әке, сен маған.

11 - оқушы: Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.
Би «Мектеп вальсі»

Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты. жүктеу
15 262
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке-отбасының алтын діңгегі.  Отец-золотая опора семьи.  Father-is a life support
Әке-отбасының алтын діңгегі. Отец-золотая опора семьи. Father-is a life support
Сабақтың мақсаты: Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Әке – асқар тау
Әке – асқар тау
Әке...! Әкетай...! Әкешім...! Әкежан... Осы сөзді айтсам, өзіме бір қанат біткендей, құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын.
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Биржанова Алтынгуль Алдигаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×