Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрін білгім келеді

02 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Дайындық сыныптары арасындағы білім марафоны
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Мақсаты:
1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3) Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.
Көрнекілігі: суреттер, шарлар, геометриялық фигуралар, ертегі кейіпкерлері
Қатысушылар: «А», «Ә», «Б», «В»

Барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушыларды сайысқа дайындау
2. Әділқазы мүшелерімен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла
Жамандық көрсең біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла – дей отырып, бүгінгі «Бәрін білгім келеді» атты дайындық сыныптары арасында өткелі отырған білім сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Тапсырмаларды мұқият тыңдап топпен ақылдасып, жауап берулерің керек.
Алдымен бүгінгі шараның шартымен таныстырайын
1 бөлім. Топпен таныстыру.
2 бөлім. «Ой ширату». Сұрақтар қою
3 бөлім. «Кім көп біледі?». Сурет бойынша әңгімелеу
4 бөлім. «Кім тапқыр?» Математика бойынша 3 тапсырма
5 бөлім. «Ізденген жетер мұратқа» логикалық тапсырма
6 бөлім. Тапқыр болсаң тауып көр Сурет бояу
7 бөлім. Мен елімнің болашағымын Ой қорыту

1. Әр топ өздерін таныстырады Топтың аты, ұраны, құрамы
1 «Талап»
2 «Сұңқар»
3 «Болашақ»

2. Ой ширату Сұрақ - жауап
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Біліммен өнер жарасып,
Тәрбие – тәлім табар мән.
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.

1 Бүгін нешінші күн?
2. Нешінші сыныпта оқисыңдар?
3. Ұстаздарыңның аты - жөнін білесіңдер ме?
4 Мектептерің қалай аталады?
5. Сайысқа қатысып отырған өз тобыңда неше оқушы бар?
6. Қазір жылдың қай мезгілі?
7. Ағаштарда неге жапырақтар жоқ?
8. Сенің тұратын ауылың қалай аталады?
9. Біздің бас қаламыз қай қала?
10. Жануарда екі оң аяқ, екі сол аяқ, және екі алдыңғы аяқ, екі артқы аяқ бар? Сонда оның неше аяғы болғаны?
11. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 4 құлағы көрінеді. Неше қоян тығылып отыр?
12. Ағаштың басында 5 құс отыр еді. 2 - еуі ұшып кетті. Неше құс қалды?

3. Ақыл – тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды. – деп келесі бөлім «Кім көп біледі?» сурет бойынша әңгімелеу

Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

4 «Кім тапқыр?» математика бағыты бойынша әртүрлі тапсырмалар беремін

5. Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне – деп, келесі бөлімді логикалық тапсырмаларға береміз.

6. Кәне бәріміз ортаға жиналып шеңбер құрып отырайық. Кәзір мен ортаға асық шашамын кім көп асық жинайды сол оқушы келесі бөлім бойынша сөз бастайды. Бұл бөлім «Мен елімнің болашағымын»деп аталады. Әркім өзінің болашақта кім болғысы келетіні туралы айтып береді.

ІІІ. Қорытынды
Міне, балалар, сайысымыз да өз мәресіне жетті. Мен сендерге «болашақта елімізді көркейтетін білімді ұл - қыз болыңдар, армандарың орындала берсін»деп сөз кезегін әділқазылар алқасына беремін.
Марапаттау
5 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын
Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру
Ойлан тап
Ойлан тап
Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру,
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Табиғатта жүріс - тұрыстың нормаларын және ережелерін сақтауға үйрету болады, және болмайды, «қалаймын және керек», «жақсы мен жаман» дегенді түсінуге үйрету.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Екібастұз, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия Тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×