Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірлігіміз жарасқан

30 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
А. С. Пушкин атындағы орта мектеп әдіскері
Елшинбекова Тамаша Бурибаевна

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН
Бейбітшілік – бауырластықтың белгісі
Мақсаты: жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау және нығайтуға, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын қолдауға, ерлікке, интернационализмге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілік, бауырластық, отансүйгіштік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: бейбітшілік рәміздері, газет - журналдардан мақалалар, суреттер, бейбітшілік туралы қанатты сөздер.
Барысы.
Жүргізуші: Бейбітшілік. Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы адамның жүрегінен құрметті орын алды. Қазақтың барлығы бір - біріне бауыр.
Бейбітшілік – адамзат өмірінің бүгіні мен ертеңі. Оның шайқалмай, сынбауы үшін бейбітшілік құсы аспан көгінде қалықтай береді. Бейбітшілік бізге оңай келген жоқ, осы сөзде сұрапыл қанды соғыстың адам айтқысыз азабы, халықтар қаһармандығының, достығының үлгісі, бейбітшілік жолындағы халықтар күресінің тарихи жеңістері ұштасып жатыр.
1941 жылы 22 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан КСРО - ға жау тұтқиылдан соғыс ашты. Жауынгерлер қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша жаумен аянбай айқасты.
Бейбітшілік, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс 50 миллион адамның өмірін жалмады.

1 - оқушы: Ардагерлер еске алар өткендерді,
Өмір үшін өртеніп кеткендерді.
Ал бүгін мақтан етер ұрпақтарды
Жеңіс алып еліне жеткендерді.
(Сол кезде сәйкес музыка беріліп тұруы қажет. Сахнаға ойлы, сабырлы басып, қолында мылтығы бар сарбаз шығады).

Сарбаз: Зұлымдықпен дейсің бүгін бақ тайдың,
Ал мен болсам тыныштықты сақтаймын.
Мен Алматы, Қазақстан, Балқашпын,
Қырағымын, кірпігімді қақпаймын.
Балалардың, бабалардың мақсатын
Қанша ғасыр келдің екен аңсатып?
О, зұлым жау, аулақ әрі елімнен,
Енді қайтіп ала алмайсың таң сатып.
Әлем бүгін астан - кестең қызғаныш,
Қызғаныштан барады ма сыздап іш.
(Бейбітшілік рәмізі Қыз шығады да, өлең оқып, қолындағы қызыл гүлді сарбазға ұсынады).

Бейбітшілік рәмізі:
Рас досым, даңқың кетті жаңғырып,
Гүлденді елің, шырқа көкке ән қылып.
Бейбітшілік рәмізімін, сенімен,
Отаныммен қашанда мен мәңгілік.

Ал адамдар қостап бізді жатады,
Ендігі күн Нұрсұлтан деп атады.
Сен бар жерде мен де бармын, әлем де,
Менің, сенің және оның Отаны.

Жамбыл: Мен дәуірмен,
Ұл - қызыңды жасқамай,
Көгімізде күлімдей бер, аспан, ай.
Ей нұрлы күн, мейірімді ғасырым,
Адамзаттың көз жасына бастама.

Сарбаз: Дәуір үні, армысың,
Тыңда тыныш дүние бұлақ үнін,
Ағытайық ән менен жыр ағынан.
Мен сақшымын, ұлы елім, ұлы Отаным,
Өркендей бер алаңсыз, қырағымын.
(Дәуір үні) Жамбыл бір шумақ өлең оқып (ақ көгершін) Бейбітшілік рәмізіне ұсынады.

Жамбыл: Жиырмасыншы ғасырым,
Келмес ешбір жасырғым.
Бейбітшілік рәмізі
Сынығысың асылдың.
Өтті - кетті тасыр күн,
Зұлмат жауды қашырдың.
Жаралымын мен әлі,
Иығына асылдым.
Саған ғана сенемін,
Аманатына ие бол
Жиырмасыншы ғасырдың.
Ақ көгершінді тамашалап жоғары көтеріседі. «Ақ көгершін» әні орындалады.
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Жер дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш - бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.
Бейбітшілік рәмізі:
Аяулы әлем, арман күн,
Жүрекке жүрек жалға да,
Ақ көгершін – ардағым,
Ақ армандарды алдама.
Сарбаз: Бұғауланып жатыр оқ,
Тыныштықты бұзбайды.
Қан да төктік батыр боп
Соған жаным сыздайды.

Болсын елде той ғана,
Қуанышқа қосылам.
Мылтықпенен ойнама,
Балалар - ай, шошынам!

1 - оқушы: Ағаш аяқ дамыл таппай сыздатып,
Тұла бойын сырқыратып мұздатып,
Сұм соғыстың мүгедегі көз ілмей,
Ұзақ таңға дөңбекшіді жүз жатып.

2 - оқушы: Таймаса да басынан сый, бақ, ырыс,
Сезім деген ағынды арна, тағы күш,
Жүректерді әлі күнге өртейді.
Жүргізуші: Әр адамның бойында туған жеріне, еліне деген сағыныш сезім болады. Қазақ елі деген есімге кір түсірмей, туған жерді әнге қосып мадақтаған екен. «Туған жерде жүрсең, өз анаңның қолында ұйықтағандай сезімде боласың» деген екен.
Не түсіндік? Қандай ой түйдік?
Менің елім, Отан, туған өлкем, бейбітшілік деген сөздерді кең ауқымда танып білдік.
16 267
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Білім күні. Бейбітшілік сабағы
Білім күні. Бейбітшілік сабағы
Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық, достық деген ұғымдарды өмір мен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы бейбіт өмір сүруіміздің негізгі тірегі болып табылатын дығын түсіндіру. Сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге ынталандыру.
Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету
Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету
Оқушыларға табиғаттың бір бөлшегі құстардың түрлерімен таныстыра отырып, құстарға деген аяушылығын, қамқорлық сезімдерін арттыру.
Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады!
Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады!
Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира. Көз алартқан жаудың, қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Татулық достық мерекесі
Татулық достық мерекесі
Бейбітшілік - осы бір асыл сөз қазіргі бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті адал ойлы адамның жүрегінен орын алады. Қазақ халқыда мейірбан кең пейілді бауырмал. Қазақстан республикасы кең байтақ оның негізгі халқы қазақтар
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×