Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Тақырыбы: Тілегіміз — бейбіт күн. С. Оспанов.
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, қорғауға, патриоттық сезімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сұрақ - жауап әңгімелеу, түсіндіру.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Мерекеге әзірленейік
Бірінші мамыр мерекесі жақындап қалды. Мәдениет үйінде мерекеге дайындық жүріп жатты. Әр ұлт өкілдері өз дәстүрлерін, өнерін көрсетуде. Мың бұралған бишілер, бір топ әншілер мен күйшілер де ат салысыпты. Біз де қарап қалмай өз өнерімізді көрсеттік. Көк аспанда көк туымыз желбіреп, бейбітшілік құстары ұшырылды. Қала әкімі сөз сөйлеп, құттықтау айтып, отшашу көрінісін тамашаладық. Бәріміздің тілегеніміз «Татулық пен, бірлік жасасын, ешқашан елімізде жаманшылық болмасын!» - деген ұрандар еді.
Сұрақ - жауап.
- Қане, балалар бір - бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.
- Бейбітшілік құсын атап беріңдерші.
- 1 – мамыр қандай мереке?
- Әңгімеде не айтылған?
- Кімдер өнер көрсетті?
Сергіту сәті.
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат күс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
- Бейнелеу сабағымен байланыстыра отырып, Бейбітшілік күніне арнап сурет салдыру.
Қорытындылау.
Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру.
22 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер, су, ауа біздердің достарымыз.
Жер, су, ауа біздердің достарымыз.
О, Ғажайып табиғат, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін, Күлімде күн күлімде. Бүлдіршіндер қуансын, Күлсін барлық бала шат.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Алып бала 2-сынып
Алып бала 2-сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сугурова Зауре
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Мақсаты: Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: сурет үлгілері, мақал - мәтел, бейне таспа.
Жақсы сөз жанға қуат береді
Жақсы сөз жанға қуат береді
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Сайфеденова Қалжан Сайфеденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×