Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету

08 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Көгершін – бейбітшілік құсы. «Ақ көгершін» әнін үйрету.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға табиғаттың бір бөлшегі құстардың түрлерімен таныстыра отырып, құстарға деген аяушылығын, қамқорлық сезімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың орындаушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қазақ музыка өнерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: сурет, математика, әдебиет
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, карточкалар, магнитофон, буклет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Композитор С. В. Рахманиновтың шығармашылығы мен өмірі туралы әңгімелету.
1. Рахманиновтың шығармашыларын ата ( 3 сифониясы, 4 фортепианолық концерті,
опералары т. б)
1. Затаевичтің нотаға түсірген әндерінің бірін ата («Япурай»)
2. С. В Рахманинов қандай кітаптардың жарыққа шығуына өз үлесін қосты?
(« Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйлері»)

II. Жаңа сабақ.
Көгершін - бейбітшілік құсы. Еліміз егемендік алып, дербес мелекетке арналған
Қазақ Республикасының білім мен тәрбие беру саласына тың өзгерістер енгізіліп, жаңа
талап - міндеттер қойылды. Соның бірі жеткіншек ұрпақтың болашақта экологиялық
таным - түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, экологиялық мәдениетті азамат тәрбиелеуінде болып отыр. Еліміздің біртуар ағартушылары Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев өз еңбектерінде табиғатқа қамқорлықтың ұлттық тәлімі - тәрбиеден бастау алатынына үлкен мән бере келіп, табиғат сыйын бағалай, қадірлей білуге, баға жетпес байлығына қамқор бола білуді міндеттейді.
Бүгін біз табиғаттың тірі бір бөлшегі – құстар жөнінде өткізгелі отырмыз.
Ақын, сазгер, сал - серілер сонау ерте заманнан құстарға арнап өлең – шумағын, ән - жырларын арнаған.
Бүгінгі сабағымызда көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі саналатын құс «Көгершін» туралы болмақ.
Көгершін - жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
Көгершін – дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі.
Бейбітшілік нышанын басқа құстарға теңейтін халықтар да бар. Мысалы: жапондықтарда ақ тырналар - бейбітшілік белгісі. Сондықтан олар ақ тырналарды қағаздан жасап, бір - біріне сыйға тартады, яғни бақыт пен жақсылық, ақ ниеттерін білдіреді. Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі тауық құсы. Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың сұлулықтың, бақыттың белгісі – аққу.

Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары – домбыра, қобыз құрылысына өте ұқсас.
ІV. Дамытушылығы
Н. Тілендиев - күйші - композитор. Ол да құстар туралы көптеген күйлер шығырған. Соның бірі «Аққу» күйі.
а) Күй дегеніміз не?
ә) Оның неше түрі бар? (төкпе, шертпе)
б) Күйдің шеберлерін ата (Құрманғазы, Тәттімбет)
Күй тыңдау. «Аққу»
- Күй ұнады ма?
- Күйдің екпені (темпі) қандай?
- Күйдің қай түріне жатады? (шертпе)
Логикалық тапсырмалар
«Қарлығаш» құс

Дауыс жаттығулары:
До, ре, ми, фа, соль, ля, си,, до. До нотасына қысқа қайырым орындау.
А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтін суреттейді. Ақ көгершін өзінің қанатымен бізге бақыт әкеледі.
«Ақ көгершін» әнін үйрету.
Сөзі: Н. Баймұхамедов
әні: А. Жұбанов.

Музыкалық сауат
Музыкалық есеп шығарамыз.
1)
2) Қандай өлшемдерді білеміз?
- Осы 2/4 өлшемі қалай дирижерланады?
- 3/4 өлшемі қалай дирижерланады?
3) – Енді сендерге нота сызығында өлшемдері берілген, соған орй нота ұзақтықтарын есептеп, такт сызығына бөлесіңдер.
V. Бекіту:
Сөзжұмбақ. «Көгершін»

1. Жапонның халық әні
2. – нешелік нота?
3. Байқадамовтың әні
4. «Қазақ халқының 100 әні» атты кітабының авторы
5. Жапон халқының бейбітшілік белгісі саналатын құс
6. «Аққу» күйі, күйдің қай түріне жатады?
7. «Аққу» күйін жазған композитор
8. «Ақ көгершін» әнінің музыкасын жазған композитор

VI. Қорытындылау:
Біз үнемі мынаны еске салып отыруымыз керек: біз айнала қоршаған табиғаттыңбір бөлшегі болып табыламыз. Табиғатты қорғай білуіміз керек. Сонда ғана бүкіл жер беті керемет
гүл - бақшаға, айналып, құлпыра түседі.
VII. Үйге тапсырма: әнді жаттау, «Құстар - біздің досымыз» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау.
Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету жүктеу
Көгершін – бейбітшілік құсы слайдты жүктеу
3 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы
Көгершін - бейбітшілік құсы
Көгершін - бейбітшілік құсы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға бейбітшілік құсы туралы мағлұмат беру. Көгершін құсының түрлерімен таныстыру. Интернет арқылы бейнелі сюжеттер көрсету.
Сөйлем
Сөйлем
Тақырыбы: Сөйлем Мақсаты: а) Білімділік: Сөйлем және оның түрлері.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Тілегіміз — бейбіт күн. С.Оспанов.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Құс мерекесі
Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×