Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Он саусағынан өнер тамған қазақ арулары

26 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы, Еркінқала селосы,
Еркінқала балалар саз мектебінің
Халық әні терме мамандығының мұғалімі
Идирова Жадыра Саматқызы

«Он саусағынан өнер тамған қазақ арулары»
Қызға қырық үйден тыйым
1 Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
қазақ халқының әдеп - ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру;
жасөспірім қыз баланың бойына ұлттық рухты сіңіру;
салт - дәстүрді ұмытпай, жалғастыра білуге баулу;
нағыз қазақ аруына сай қылықтарды меңгерту;
жан - жақты білімді, ұшқыр ойлы болуға тәрбиелеу;
ұлттық қолөнерді дәріптеу;

2 сахнаны безендіру, көрнекілігі: газет суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, өрнектелген шарлармен безендіру.

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:
1 ТАНЫСТЫРУ (үйірмені және аруларды)
2 ӘН ӨНЕРІ
3 СҰРАҚ – ЖАУАП (салт – дәстүрге қатысты)
4 БИ ӨНЕРІ (қазақ биі)
5 КӘНЕ, ЖАС СУРЕТШІ: БЕЙНЕЛЕ, ОЙЛАН - ТАП:
КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ (апликация немесе панно)
6 МЫҢ БҰРАЛҒАН БИШІЛЕР (би өнері)
7 СҚӨ «ою - өрнек ой айтар» (ою - өрнек туралы қысқаша мағлұмат)
8 СӘН ҮЛГІСІ « мен дизайнер болсам»
9 ҚОРЫТЫНДЫ

1 - жүргізуші:
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар!
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет суреттемелер берген.
Сондай - ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл - жердің – көркі», «Жақсы қыз - жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар»

2 - жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қыз бала - бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға,
Ұрпағыңның ойласаң болашағың,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

1 - жүргізуші:
Біз қыздың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайлықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Сонымен, бүгінгі алдарыңызда өнер көрсететін сұлу бойжеткендер осы баға жетпес асыл қасиеттердің барлығын дәлелі! Нақтырақ айтсақ, «Бейнелеу өнері» және «шебер қолдар» үйірмесінің: саналары сергек, ойлары озық, тұла бойларын киелі өнер кернеп, жан - жақтарын нұрға бөлеп жүретін, орталықтың айнасы іспетті, нағыз қазақ ару қыздарының өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!
Алдымен үйірмені және алдарыңызда өнер көрсететін аруларымызды қысқаша таныстыра кеткен жөн болар:

Әлемдегі бар жақсыны жиып – ап,
Бейнелейміз қылқаламмен арулап.
Түрлі – түсті мата – жіпті қиып – ап,
Кестелейміз сан қилы қып, оюлап.

Табиғаттың сұлулығын ырғақтап,
Тау – тастарын, гүл – жотасын айқындап.
Түсіреміз қағылған кенеп матаға,
Алуан – түрлі майлы бояу күшімен.

Көреміз біз басқаның, көре алмаған тұстарын,
Сезінеміз жүрекпен жер шарының қыр – сырын.
Туындыны жасаймыз қиялменен шарықтап,
Болашақта өнермен бірге ұшамыз қалықтап!!!

1 Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата - анасы Аққайшаға
Әдемі есім теңгерген.

2 Ән салуға жалықпайды,
Шаршамайды ол сірә, бір,
Гүлмерейдің сан өнерін
Сырын терең ұға біл.

3 Алар дәйім бестігін,
Аққұба қыз кескінін.
Бойшаң біздің Ботагөз,
Ұяңдау деп естідім.

4 Сабағы ылғи үздік - ті,
Шығарса есеп ызғыпты.
Арамызда Бақытгүл
Өзі баяу қыз тіпті.

5 Інкәр ару өнерлі,
Игерген бар өнерді.
Жолың болсын Іңкәржан,
Бар өнерді төк енді!

2 - жүргізуші:
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Олай болса, алдымен барша қызғалдақ қыздарымызға арналған ән: Қазақ қызы
Орындайтындар: қыздар тобы

1 - жүргізуші:
Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.

2 - жүргізуші:
Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай кұю - жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.

1 - жүргізуші:
Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық. Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою - өрнек, төсек жинау.

Сонымен, бұл бөліміміз «Ою - өрнек ой айтар» деп аталады. Осы жолы қыздарымыздың бас бармағын иілтіп, әр өрнекті нақышына келтіре ойып, ежелден ұлттық төсеніш саналатын текемет үстінде орналастыру шеберлігін тамашалап, ұлттық ою - өрнектің шығу тарихы мен түрлері жайлы мағлұмат алайық!

2 - жүргізуші: Ару қыз да өнерлі,
Игерген бар өнерді.
Жолың болсын, ару қыз,
Өнеріңді төк енді.

Сахнада: Биші қыздар!
«Қазақ биі»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы - 2019
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларға әдемілік пен әдептілік нышандарын бойларына сіңіре отырып және оларды ұлттық бұйымдар арқылы әсемдікке баулу. Балаларға ұлтымыздың салт - дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана-сезімдерін дамытып, балаларды әдептілік пен
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×