Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаларды әсемдікке баулу

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Балаларға әдемілік пен әдептілік нышандарын бойларына сіңіре отырып және оларды ұлттық бұйымдар арқылы әсемдікке баулу» (КЕҢЕС)

Басты мақсаты: Балаларға ұлтымыздың салт - дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана - сезімдерін дамытып, балаларды әдептілік пен әдемілікке баулу. Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім - тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу - әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.

Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп - ғұрып пен салт - дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.

Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді. Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой - өрістерін дамыту, білім және қабілеттерін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстарды қамтиды. Балабақшада балалардың іскерліктері, олардың қоршаған ортадағы заттар дүниесінің ерекшеліктерін танып, білуіне бағытталған іс - әрекеттердің бірі бейнелеу және сәндік - қолданбалы өнерге арналған көркемдік сабақтар арқылы қалыптастырылады.

Көркемдік тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу өнері, музыка, көркем әдебиет т. б.

«Баланы жастан» деп қазақ бекер айтпаса керек. Дүниетаным, айналаға деген құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулыққа деген еліктеушілік бала жастан адам бойына қалыптасады.

Батылдыққа, шындыққа, имандылық пен әсемділікке, сұлулыққа үйір етіп тәрбиелеуді сәби жасынан ескергшен жөн. «Табиғатты аялау ата - баба салтымыз, тәрбиегеде мән берген дана халқымыз» демекші ата - бабамыз бастан - ақ табиғат пен тәрбиені бөле жарып көрмеген, екеуін қатар ұстаған. Балаға табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын, сұлулық пен әсемдік әлемі екендігін тұла бойына сіңіру. Орман, дала, өзен - көл тау - тас, бау - бақша, жыл мезгілдері мен құбылыстары, құстар үні мен жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезіміне әсерлі суреттеліп, оларды сиқырлы сырды білуге ынтықтырады. Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.

Қарағанды қаласы,
КМҚМ «Қарлығаш» балабақшасы
Адилова Нуржанат Сагатбековна

Толық нұсқасын жүктеу
2 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"
"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"
Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сініріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақтың ұлттық қолөнері
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Тәрбиеге менің көзқарасым
Тәрбиеге менің көзқарасым
Аққыстау орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенғалиева Гүлфара Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×