Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем аруы - 2019

10 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Көктем аруы - 2019
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, абзал аналар, көктем гүліндей жайнаған қыздар! Бүгін сіздер мектебіміздің «Көктем аруы - 2016» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы, құрдас!
Бармысыздар жан күйер, әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе.
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде.
Міне, асыға күткен «Наурыз – жыл басы» мерекесі де келіп жетті. Жаңа жыл барлықтарыңыздың отбасыларыңызға тек қана жақсылық әкелсін. Наурыз айында біздің еліміздің кең байтақ даласында әлі де қар жатады. Дегенменде көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Біздің бүгінгі байқауымыз Наурыз мерекесімен тұспа - тұс келіп отыр. Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл боліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі – шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ана – үйдің алтын қазығы. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі. Біздің аруларымызға ата - анасы қандай үлгі - өнеге көрсеткеніне көрермен сіздер куә боласыздар.
Шық аруым жарысқа,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халықта та демекші бүгінгі мектепішілік байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.
ІІ - жүр: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
Бірінші келе жатқан – бұл Жансая
Қарсы алыңыздар сахнаға №1 қатысушысы 7 «А» сынып оқушысы
Алейдарова Жансая келеді!
І - жүр: Жақсыдан артта із қалмақ,
Данадан айтар сөз қалмақ,
Нурила қызға қарасаң,
Жайнап бір тұрған қызғалтақ.
Қөшемет көрсетіңіздер, сахнаға №2 қатысушы 5 «Ә» сынып оқушысы Нарбекқызы Нурила келеді!
І - жүр: Жанель арудың,
Сурет десең келбетің
Шартарапқа шашып нұр,
Аспанның айы жерде тұр.
Қарсы алыңыздар сахнаға №3 қатысушы 5 «Б» сынып оқушысы Тасжан Жанель келеді.
І - жүр: Мінезі жұмсақ мақпалдай,
Көргенде таңдай қақандай.
Мөлдір ару қайда бар
Арайлап атқан ақ таңдай.
Ду қол шапалақ, сахнада №4 қатысушы 6 «А» сынып оқушысы келеді.
І - жүр: Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі, жан - жақты.
Келе жатқан Малика
Жарысты бүгін жалғапты.
Қөшемет көрсетіңіздер, сахнаға №5 қатысушы 7 «А» сынып оқушысы Жұмабек Малика келеді!
Ай маңдай алаңдай,
Асылдың қасы деген қаламдай.
Аймен күнмен аралас,
Қосып соққан адамдай, - дей отырып қошеметпен №6 қатысушы Арқабай Асылды қарсы алыңыздар!
Уа, арулар, арулар,
Ешкімнің жоқ алалар
Ару болу үлкен сын
Оны әділ қазың бағалар.
Қыздарымыздың өнерін, еңбегін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Жүргізуші: «Көктем аруы - 2016» байқауын ашық деп жариялаймыз. Ал қыздар сендерге сәттілік тілеймін.
І. «Мен қазақтың дара туған қызымын» таныстыру.
ІІ. Өнер сайысы
ІІІ. Ұлттық сән үлгісі.
ІV. Шаш өру.
Жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды танытуға
Қорықпастан сахнаға келгелі тұр
Әдеппен, ізетпен танысуға
І - ші байқау «Таныстыру», «Визитная карточка».
Бұл байқауда аруларымыздың киімі, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері бағаланады.
Жүргізуші: Біреулер сынға түсер өнерімен
Біреулер жырға түсер өлеңімен
Не болса айтады жүрегімен
Өнер деген керемет деп білем мен
Байқаудың 2 - ші кезеңі – «Өнер сайысы», «Мир моих увлечений»
Әр қатысушы өз бойындағы өнерін, талантын ашып көрсетеді.
1. Жүргізуші: Байқаудың 3 - ші кезеңі – «Ұлттық сән үлгісі», «Показ национальной одежды из подручного материала».
Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар
Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар.
Ал, қазір байқауымыздың шешуші кезеңі. Қыздар шаш өру түрлерін көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды және қорғайды.
Жүргізуші: Көрсетті өнер әр сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасайды
Қыздарымыз жүр арада майысып
Кеш қорытындысын әділ қазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай, яғни «Өнерлі қыз», «Ерке қыз», «Шебер қыз», «Сұлу қыз», «Ибалы қыз», «Инабатты қыз» атты атақтары беріледі, мадақтау қағаздарымен мадақталады. Жеңімпаз «Көктем аруы - 2016» атты дипломға ие болады.
Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.
Байқауды қорытындылау, марапаттау.
Көктем аруы - 2019 жүктеу
2 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы - қыздар, қарындастар!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×