Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ханы - Абылай

12 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы

1 сыныбында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен «Қазақтың ханы - Абылай» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағлұмат беру. Оқушылардың патриоттық рухын көтеру, еліне - жеріне деген махаббатын арттыру. Ата - бабаларына деген құрметін, қазақ хандығының құрылуы туралы білімдерін толықтыру. Абылай хан арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Абылай ханның үлкен суреті, слайд

Жүру барысы:
Ашылуы: «Қазақ биі»
Анель:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді,
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.

Али:
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

«Қазақ хандығының құрылуы» Ерден атаның әңгімесі (видео)

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465 - 1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды. Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» бұйрығы шықты.
Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген, осы орайда «Бабалар ерлігі - ұрпаққа өнеге» дегендей саналы ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіміз болсын деген мақсатпен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз – тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген, қазақ тарихында өшпес орны қалған батыр бабамыз Абылай ханды таныту мақсатында «Қазақтың ханы - Абылай» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырған едік. Қош келдіңіздер!
Күй орындалады.
... Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,
Жанымды орай берсе ұлы уайым.
Кеудемде күннің нұры толғандай боп,
Жырлаймын алты алаштың Абылайын.
Арсыға асқандаймын, тауап қылсам,
Кебедей Абылайдың Бурабайын...
Мағжан Жұмабаев.
Бекарыс:
Сахнаға қазақша киінген ұл бала шығады, суретке қарап тұрып:
Ұлы Абылай хан алып ием,
Асқар таудай алып ең,
Қазағым деп жанып ең,
Қазағым деп налып ең,
Тосылғанда қалың ел,
Өзіңді - өзің танып ең,
Намыс өртеп жағып ең,
Ұлы Абылай, хан ием!
Қорғаным ең, бағым ең!
Көрініс
Құрманғазының "Көбік шашқан"күйі ойнап тұр. Сахнада шұбырған ел. Жоңғарлар салған жара. Жас баланы жетелеген қарт. Бала 12 - 13 жаста. Қарт сахна төрінде тізерлеп отырып қалады.
Бала:
- Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сүйейін.
Қарт:
Жоқ, балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама, жүре бер, бірақ тыңдап ал. Сенің атаң — Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған. Әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеуінің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап, өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Ал, қош бол.
Бала:
Жоқ ата, мен сені тастамаймын!
(Қартты көтеріп алып шығып кетеді).
Жүргізуші: XVII ғасырдың 30 - жылдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың әскери - феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40 - жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазаққа қарсы Еділ бойындағы қалмақтар да ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылдан басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталады.
Көрініс
Төрде Төле би, қасында 1 - 2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ - сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.
Бала - Ильяс: Ассалаумағалейкум, Биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.
Төле би - Сұлтан:
сынай қарап:
Қай баласың, аты - жөнің,
Барма еді әке - шешең, аға, інің?
Адам болсаң — хан текті, құста — сұңқар,
Байқасам, келіседі соған түрің.
Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,
Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.
Шырағым, Төремісің, Қарамысың,
Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?
Бала: Ильяс
Атым да, жөнім де жоқ бір баламын,
Дәм айдап тентіреген бейшарамын.
Әке - шешем, ел - жұртым, туғаным жоқ,
Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.

Төле - Сұлтан:
Ендеше, "Сабалақ" болсын сенің атың,
Сөзің пысық, жауабың берген батыл.
Қой жайсын, байқармыз одан әрі,
Сынақтан өтіп жатса мұның затын.
Сабалақтың мойына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.
«Абылай хан» Ердосби (видео)

Алмаз
... Малшы боп таяқ ұстап қойын бақты,
Кеш жатып, ерте тұрып, отын жақты.
Бұйырған әрбір істі көңілді істеп,
Байыпты мінезімен биге жақты.

Зейнеп
Қойдан өтіп одан соң бақты түйе,
Нені бақса сол малға болып ие.
Отын алып, жүк артып, іркіт пісіп,
Құлын байлап, сауғызды жиып бие.

Толық нұсқасын жүктеу
5 314
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы "Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Жезқазған қаласы, №133 негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×