Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Жәнібек пен Керей ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың алғашқы хандары, құрылу тарихы, белгілі хандары, халқы мен халық болып қалыптасу процесі туралы білім алушыларға терең мағлұмат бере отырып, өз туған елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өту әдісі: пресс – конференция
Пресс – конференция барысы:

Ұйымдастыру сәті: (Әділ қазылар алқасы сайланады және баяндамашыларға әділ бағасын береді.) Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» аты пресс – конференцияға жиналған оқытушылар және білім алушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
Осы тарихи оқиғаға байланысты колледж білім алушылары мынадай тақырыптарға баяндамалар дайындады:

Баяндама тақырыптары:
1. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек хандар.
( Әсетова А.)
2. Образование казахской народности (Шушпанова И.)
3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы («Қасым ханның қасқа жолы») (Бейсенбекова Д.)
4. Демографическое ситуация Казахстана со времен становление Казахского ханства. ( Нұртаева Б.)
5. Есім ханның билік құруы және адат заңдары. (Кеңесханов Н.)
6. Қазақ хандығы Тәуке хан кезеңінде. «Жеті Жарғы» заңдары. (Кеңесбек Қ.)
7. Қазақ хандығы туралы дерек көздер. (Махмұд Қашқари, Хайдар Дулати) (Мұратбекова Жансая)
8. История основания Казахского ханства.
9. Абылай хан - көреген саясаткер және дипломат.
10. Тура биде туған жоқ... (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

Қорытынды. Құрметті ұстаздар қауымы және білім алушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Осы конференциямызда үздік шыққан баяндамашыларды марапаттаймын.
(Марапаттау І, ІІ, ІІІ орынға мақтау қағаздары беріледі.)
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп конференциямызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.
6 672
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Тарих – ғасырлар куәсі
Тарих – ғасырлар куәсі
Тақырып: Тарих – ғасырлар куәсі
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы "Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 - курс студенті Мухтарова Айгерім Матайбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×