Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұрымды қыз атты сайыс

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
2 сыныптар арасында «Бұрымды қыз» атты сайысының шарттары:
1. «Менің бейнем». Таныстыру _________ (өз қалауымен)
2. Жарнама «Сұлу шаш» (5 фото қатысушының шаш үлгісі әр - түрлі)
3. «Шолпысы әсем жарасып белге» ең шашы ұзын қызды анықтау.
4. «Көктем гүлі» (сәнді әсем көйлекпен қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс - тұрысы сарапталады)
5. «Ақылды қыз» (мақал – мәтелден жарыс)
6. «Өнерлі қыз» (өз өнерін көрсету; ән айту, би билеу, т. б.)

«Бұрымды қыз» 2 сынып – қыздары арасындағы кештің сценарииі:
Мақсаты: қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу. Салт – дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық – іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта білу.

Жүргізуші:
- "Шығыс Халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бәрі де, бірегейлі де біздің қазақ"
Бүгінгі аналар мейрамы адамзат мейрамы. Тарихқа көз жіберсек 1910 жылы Копенгаген қаласында социалист әйелдердің халықаралық 2 – ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтереді. 1913 жылдан бастап Петербургте аталып өтілді. Ғасырлар өзгеріп, мыңжылдықтар ауысуда, бұл әлемде анадан қайратты да, сұлу жан жоқ!
Иә, бұл жыр шумақтар шыр етіп дүниеге келген бал - бөбекке өмір сыйлаған барлық аналарға арналады. Қанша заман өтсе де, қанша ұрпақ алмасса да, жер бетіндегі бүкіл ана тілегі, жүрегі бірдей деуге болады. Аналық сезіммен бірге әрқайсыларыңыздың алдарыңызда бауыр еттеріңіз балаларыңыз үшін үлкен істер атқарып келесіздер. Сол үлкен үмітеріңіздің бірі, ұрпақ тәрбиесі,
болашақ өмірдің иелерін мәпелеп өсіріп, нағыз азаматты аяғынан нық тұрғызу болып табылады. Құрметті аналар, қыздар, оқырман - қонақтар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
- қазылар алқасы қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2 - ші жүргізуші:
- Пай - пай, домбыраның күмбірлеген даусына не жетсін!
Күй: «Қос алқа» орындалады.

1 - ші жүргізуші:
Иә, көптен күткен көктем де келді, ендеше, көктем мерекесін ала келген «Бұрымды қыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2 - ші жүргізуші:
- «Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай атамыз жырлағандай ортаға бүгінгі кешке қатысушыларымызды шақырамыз!
1. Асылбекова Гүлбану 2 а
2. Мақышбаева Нұрай 2 ә
------------------
2 - ші жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол – әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық
сыр – сыяпаты.

1 - ші жүргізуші:
- Ендеше көп күттірмей, кешіміздің 1 - ші шартына көшелік.
Таныстыру. Ортаға І - ші қатысушымызды шақырайық!
(әр сайыскер өзін таныстырып өтеді)
2 - ші жүргізуші:
Кешіміздің 2 - ші шарты бойынша жарнама «Сұлу шаш». (5 фото
қатысушының шаш үлгісі әр - түрлі) Қыздарымыздың суреттерін
тамашалайық!

2 - ші жүргізуші:
Ал енді 3 - ші шарт бойынша «Шолпысы әсем жарасып белге» ең шашы ұзын қызды анықтаймыз!

1 - ші жүргізуші:
- Кезекте 4 - ші «Көктем гүлі» шарты бойынша (сәнді, әсем көйлекпен қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс - тұрысы сарапталады)
- Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасын! - дегендей, қыздарымыз дайын болғанша, Диананың орындауында «Асыл ана»

2 - ші жүргізуші:
- Рахмет, Диана өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы қыздардың шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет - ғұрыптар, тыйымдар туған.
Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма деген тыйымдар бар. Қыздарға
Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?

1 - ші жүргізуші:
Иә, _______ сенімен келісемін, ортаға әсем қыздарымызды шақырайық!
2 - ші жүргізуші:
- Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған,
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Құрметті қонақтар «Ақылды қыз» шарты бойынша мақал – мәтелден
жарысты тамашалайық!

1 - ші жүргізуші:
- Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?
Би билеп, ал біреуі ән салыпты!
Бүгінгі «Бұрымды қыз» сынында бәйге алуға,
Сұлулар аянбай - ақ жан салыпты!
Соңғы шартымыз «Өнерлі қыз», бұл шарт бойынша қатысушыларымыздың
қандай өнері бар екен? Ал, көрейік! Рахмет!
Әбілбек Мадина көркем сөз оқу

2 - ші жүргізуші:
- Қызғалдақтай құлпырған көктемдегі,
Жүздеріңді көргенде көктем еді.
Жүрегімді бір нәзік сезім билеп,
Өн бойымда ыстық жел ескен еді.
Қазағымның қыздары аққу екен,
Әсем, сыңғыр үндері гәкку екен.
Бар ғаламды іздеп мен таба алмадым,
Қазағымның қызындай тәтті еркем!
Марапаттау рәсімі.
Естелік суретке түсу.

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№62 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:
Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы
10 421
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы - 2019
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты
Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Ана - бақыт, қыз - гүл
Ана - бақыт, қыз - гүл
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×