Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты
/4 сынып ата - аналары арасында тренинг /
Мақсаты: Бала тәрбиесінің дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру. Тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарды өздерінің балаларының жан – дүниесін түсінуге шақыру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Үлкенді сыйлауға, парасатты, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Барысы:
Ана деген – адамзаттың данасы,
Ана деген – сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген өмірдегі қамқорың - деп бүгінгі. « Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты»атты тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Құран кәрімде:
“Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық”
“Жұмақтың кілті – Ананың табанының астында”,- деп ананы аса жоғары бағаласа,
Еліміздің Ата заңында:
“Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар - еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті” деп көрсетілген.
Ия, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған ата – анамызға қандай жақсылық жасасақ та артық болмас еді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ». Олай болса бүгінгі тренингімізге қатысушы аналарымызды ортаға шақырайық
Адамдық негізі – ол - әйел”.
“Ана – отбасының ұйытқысы - деп бүгінгі тренингіміздің шартымен таныс болыңыздар.

І. Есімдер аллитериясы /танысу/
Мақсаты: Топ мүшелерін сәтті коммуникативті мінез-құлқына жаттықтыру.
Нұсқау: Әр қатысушы берілген ақ параққа көркемдеп өздерін толығымен таныстырып өтеді. Мысалы: жанұясын, баласын, жұмысын, отбасындағы ең қызықты қуанышты сәттері т. б.

ІІ. Күлімде күн күлімде/ Өлеңді оқу /
Нұсқау: Берілген өлең жолдарын үш нұсқауда айтып өту. Күліп, ашуланып, айқайлап. Ата - анасы үш нұсқауда толығымен айтып, баласы біреуін таңдап айтады.
Ата - аналарына берілетін өлең
Құшақ ашсам – ұшасың,
Құшақтайсың, құшасың.
Сағынғаның білініп,
Мойнымнан қысасың.
Балаларына берілетін өлең
Жүзімізге қараңыз,
Біз бақытты баламыз.
Бізге қымбат құшағыңыз,
Бізге қымбат анамыз.

ІІІ. Оның есесіне...... жаттығуы
Мен баламды ұра алмаймын, оның есесіне --------------------------
Мен отбасымды жамандай алмаймын, оның есесіне ---------------------
Мен баламның сыныбын жамандай алмаймын, оның есесіне --------------
Мен ән айта алмаймын, оның есесіне -------------------------------------------
Мен апайымызды жамандағым келеді, оның есесіне ----------------
Мен әдемі күле алмаймын, оның есесіне ------------------

ІУ «Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Отбасындағы мейірімділік, шынайы сезімдерін білдіру.
Нұсқау: Барлығына шар беріледі баласы шарды үрлей отырып, анасы баласына деген
еркелету сөздерін айта бастайды.
Талқылау:
1. Күнделікті осы сөздерді қолданасыз ба?
2. Ерекше сөзіңізге риза болдым?
3. Еркелетіп айтатын сөздер қиынға соқты ма?

У «Мен ғажайыппын» ойыны
Мақсаты: Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым - қатынас жасай алуы.
Нұсқау: Сіздерге екі қолдың көмегі арқылы іс - қимыл жасалады. Сол іс - қимылға сөздер айта отырасыздар.
Рахмет сіздерге ситуациядан шыға білдіңіздер.

УІ. Шаңырақ шаттығы
Нұсқау: Әрбір қатысушы тренингтен алған әсерімен бөлісу. «Өміріңді бағала» әні орындалады.
Балалар – болашақтың ғажайып жанды бейнесі. Қай елде болсын, қай кезде болсын ата - ана біткен баланы өз өмірлерінің ең қастерлі мағынасы деп таныған. С. А. Назарбаева

Қорытынды:
Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі - дей келе бүгінгі «Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты» атты тренингіміз аяқталды. Сіздерге бүгінгі тренингімізден естелік ретінде тілек жазылған суреттер таратылады.
5 396
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Тәрбие сағаты «Айналайын - анашым»
Тәрбие сағаты «Айналайын - анашым»
Атырау қаласы, жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Урынбаева Айгерім Жалғасқызы
Ана - өмір себуші
Ана - өмір себуші
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Ақзейнеш
Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды
Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәні мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
Ана өмірдің гүлі (мерекелік кеш)
Ана өмірдің гүлі (мерекелік кеш)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×