Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер

15 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.”
Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

І бөлім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар! Бүгінгі ашық есік жиналысына қош келдіңіздер! Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Жалпы тәрбие қалай қалыптасады? Қандай факторлар әсер етеді? Бүгінгі жалпы ата- аналар жиналысының тақырыбын тектен -тек “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.” тақырыбында өткізгелі тұрмыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз. А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген. Мысалы: (слайд көрсетіледі )
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама

111 - бап. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы,
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - ата - аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

112 - бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу
Ата - аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112 - 1 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру, - ойын - сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

330 - бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілен беген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлерді сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс - әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

336 - 3 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
336 - 4 - бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23 - тен таңғы 6 - ға дейiн болуы – заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс - әрекет - заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ІІ бөлім: Кезекті тренингке берейік.
1. «Ыстық алақан» Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз. Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.
2. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- Ия десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыздар, - Жоқ десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,
қарап жүресіздер ме?
2. Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды? Егер жанұя десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар. Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? – егер “әке” десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар
Егер “ ана ” десеңіздер қолдарыңызды алдымызға соғамыз.
Егер екеуі десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп түйістіріңіздер.

ІІІ бөлім. Рефлексия. Соңғы сөзді мен айтайын…” (жиналыс басында таңдаған мақал-- мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме құру.
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»“
Өмірде кім. не нәрсе ыстық, не нәрсе қажет ойыны

VІ бөлім. Қорытынды. Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата- аналармен біріге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
47 970
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Коучинг. Құқық бұзушылық
Коучинг. Құқық бұзушылық
Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық пен қылмыс белгілері, түрлерін еске түсіру, оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдерін талдау, негіздеу.
Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа
Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа»
Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі
Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің мұғалімі Тауова Нұрсұлу Раулқызы
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Мен және менің полициям
Мен және менің полициям
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, №162 орта мектеп Мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. Опашова Жанагул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×