Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа

15 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа»
Тәрбие сағатының мақсаты:
а/ білімділік, оқушылардың құқық, заң туралы білімін жетілдіру.
ә/ дамытушылық, оқушының саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс – әрекетіне жауап беретіндей өй – өрісін кеңейту. Оларға құқықтық тәрбие бере отырып, рухани мықтылыққа, саналы ойлауға, адамгершілікке баулу. Ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениеті қабілеттерін шыңдау, дамыту.
б/ тәрбиелігі, Заңды әркім білуге міндетті екендігін, сонымен қатар өз құқығын қорғай білуге, өз санасында құқықтық сананы қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд көрсетілімі, қанатты сөздер жазылған плакаттар,
шармен безендірілген сынып бөлмесі.
Тәрбие сағатының түрі: Пікір – талас, диспут.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Құқық туралы жалпы түсінік.
2. «Заңды консультация» сұрақ – жауаптар.
3. «Заңсыз арал» ойыны
4. Қылмыскер бала қайдан шығады?

І. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің Ата заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан Заңды білу – заман талабы.

1. Құқық туралы жалпы түсінік.
1 – оқушы. Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. 1948 жылы 10 – желтоқсанда БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 – топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық - әлеуметтік, мәдени құқық.
2 – оқушы. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 – бөлімнен, 98 – баптан тұрады. Оның 2 – ші бөлімінің 30 – бабы құқыққа арналған.

1. «Заңды консультация» сұрақ – жауаптар.
Мектеп оқушылары арасындағы Қазақстан бойынша ОҚО көш бастап тұр деген сөз көп айтылып жүр. Ұстаздар шәкірттер тәртіпке бағынбайды деп шыр – пыр. Салдарынан қылмыс саны артып барады. Қазіргі таңда бұл өзекті мәселеге айналып отыр. Білім ұяларының басшылары мен ұстаздар 1 – 11 сыныпқа дейін шәкірттерді мейірімділік пен әділдікке баулимыз, ал жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың белең алуына ата – аналардың орасан ықпалы бар дейді.
Сұрақ: 1. Ата – ана сіз не дейсіз?
2. Сіз қазіргі таңда өз балаңызға өз құқығын біліп жүруі үшін қандай жұмыстар жүргізесіз?

3. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын шаралар.
Абай атамыз айтқандай «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік, аздырар адам баласын» демекші құқық бұзушылық, істейтін жұмысы жоқтықтан деп айтар едім. Сіз осы мәселе төңірегінде балаларымызға түсінікті етіп, кәмелетке толмағандарға қолданылатын шаралар мен міндеттері жөнінде айтсаңыз.
1. Әлеуметтік педагог мырза сіз қалай ойлайсыз?
2. Учаскелік полицей мырза сіздің ойыңызша құқықтық сауаттылық деген не?
3. Психолог ханым сізде өз ойыңызды ортаға салсаңыз?
4. Учаскелік полицей мырза кәмелетке толмағандар көлік айдап ұсталса кімнің құқығы бұзылады?

4.«Заңсыз арал» ойыны
Оқушылар мен ата - аналардың ортасына қызыл, сары, көк ленталар тастаймын әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады.
Енді мұғалім аңызды айтады. Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір – бірімен дос, бауыр болыпты. Олар бір – бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан ленталар түсіп, адамдар үлгергенінше бірі көк, бірі, қызыл, бірі сары түстерді алыпты. Бір күні қатты жел тұрыпты да әр түстер әр ауыл болып бөлініп кетіпті. Сол ленталардан қорған салыпты. Біраз уақыттан соң олар достықты ұмытып кетіпті. Көк ауылда су, от бар, ал тамақ жоқ. Қызыл ауылда тамақ, су бар, от жоқ. Ал сары ауылда тамақ, от бар, су жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады. Сендер қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар мен ата - аналар жауабын тыңдаймыз).

5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Слайдтан екі үйдің суреті көрсетіледі. Бірі тіп – тік салынған, екіншісі фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.

Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі жайлы не айтар едіңіздер?
«Отбасы – барлығының басы, жан – жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата – анамен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің тәрбиесі ерте бастан, яғни бесіктен басталуы тиіс. Бірде жас үйленген жігіт пен оның келіншегі екеуі молдаға барып менің баламды тәрбиелеп беріңізші депті. Сонда әлгі молда «Баланы көтергеніне неше ай болды?» – деп сұрапты. Жігіт 6 – ай депті, сөйтсе молда онда 6 - айға кешіктің – депті. Баланы құрсаққа пайда болған күннен бастап тәрбиелеу керек деген екен.
Ата – ана пікірі тыңдалады.

Жанартау бірден жарылмайды. Ол әр түрлі процесстерден өтеді. Әбден шегіне жеткенде ол жарылады. Сондықтанда баланың әрбір кішкене жасаған қателігінің ертең үлкен қылмысқа айналмауын ойлаңыздар ата – аналар. Қорыта келгенде да өз балаңыздың құқығын біліп жүруіне көмектесіңіз.
Сабақты бекіту: Келген қонақтардың әрқайсысы қорытынды бір ауыз сөзден айтады.
17 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заң және заман
Заң және заман
Құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Мен және менің полициям
Мен және менің полициям
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, №162 орта мектеп Мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. Опашова Жанагул
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×