Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі

09 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: "Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі"
Мақсаты: Жасөспірімдердің девианттық мінез - құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздығының әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау, алдын алу.
Міндеттері:
1. Жалпы отбасындағы қолайсыздық түрлерін анықтай отырып, теориялық мағлұмат беру. 2. Отбасындағы балалармен дөрекі қарым - қатынас түрлерін анықтау.
3. Девиантты мінез - құлық пен отбасы қолайсыздығы мәселелерін шешудің кейбір жолдарын ұсыну.

І кезең теориялық кезең.
1. «Қанекей танысамыз, амандасамыз, жақсы көңіл - күй сыйлаймыз!»
Шарты: Амандасамыз, өзімізді таныстырамыз, және көпшілікке жақсы тілек немесе жақсы сәлем жолдаймыз!
2. Релаксация.
3. «Тәрбие - баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде» (А. С. Макаренко)
“Отбасы – шағын бір мемлекет. “Cен – премьер, мен – президентпін” (Қасым Аманжолов)
Шынында да, отбасы бір шағын мемлекет болса, онда өмір сүруші халық - балаларымыз. Сол балаларыңыздың өміріне үңіліп көрдіңіздер ме...
Өкінішке орай, кейінгі уақытта ата - аналар қауымының өз балаларын тәрбиелеуде жасөспірімдердің арасындағы адамгершілік, ізгілік, мейірім, намыс секілді құндылықтардың бағаланбауына жол беріп отыр. Оның есесіне дөрекілік, жауапкершілікті сезінбеушілік, қатыгездік, екі жүзділік тәрізді іс - әрекеттер көрініс табуда. Бұның зардабын қазіргі таңда кейбір ата - аналардың өзі тартып отырғаны да ащы шындық. Кейбір ата - аналар өз балаларының тәрбиесін уысынан шығарып алып, көмекке кімге жүгінерін де білмейді, ал мектеппен байланыс жасауға уақыты болмайды. Содан кейін ата - ана өз міндеттерін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға және білім беру мекемелеріне арта салады. Ал бірақ, негізі психологиялық ахуал отбасына байланысты екенін ата - аналар түсіне білсе, “әттеген - ай” деген жағдайлар аз болар ма еді?!

1 - бөлім: «Сіз қандай ата - анасыз?»
1. Бала тәрбиесінде отбасының ықпалы зор ма, әлде мектептің ықпалы зор ма?
2. Отбасында қандай тәрбие стилін қолданасыз?
3. Сіздің ойыңызша бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
Тəрбие стиліне орай отбасы:
1. Əкімшілдік (авторитарлық) қатынас түрі (балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімі)
2. Адамгершілікті (демократтық) қатынас түрі (балада шығармашыл ынтасының дамуы, өз қадір мәртебесін сезінуі)
3. Либералды қатынас түрі (балада жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау) 4. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
5. «Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың керегі бар ма?»

Девиантты мінез - құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез - құлық, суицид т. б. жатады

6. Отбасындағы қандай келеңсіздіктер балаларды құқық бұзушылыққа итермелейді?

2 - бөлім: Ситуациялық сұрақтар
1.«Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?»
2.“Үйге қонақ келейін деп сіз дайындық үстіндесіз. Балаңыз ата - аналар жиналысына міндетті түрде баруыңыз керек екенін айтты. Не істейсіз?”
3. “Сіздің сыныбыңызда толық емес отбасының баласы оқиды, оқушының киім киісі жұпыны, өзіне сенімсіз, тұйық. Сынып жетекші ретінде сіздің әрекетіңіз...”

3 бөлім. «Отбасылық оқиға»
Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар. Үлкен ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші ұлы барғысы келеді, себебі жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім болды, “отбасы” ортақ пікірге келе алды ма?

ІІ кезең практикалық кезең.
1. «Мені түсін»
Мен сіздерге мақал - мәтел таратып шығамын. Мұқият таныс боламыз. Енді сол мақал - мәтелді оқи отырып, ым - ишара арқылы келесі топқа түсіндіріп бересіз.
1. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

3. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Өзім және отбасым
Өзім және отбасым
Түрлі дерек көздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×