Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлі

18 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бала тәрбиесінде ата - аналардың рөлі
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - аналардың ой - пікірлерін біліп, сынып жетекшісіне деген сенімін арттыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата - аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата - аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:
Тренинг «менің балам қандай?» әр бір ата - ана өзін және өз баласының жақсы жақтарын айтып таныстырады.
Танысу: Мына үлгі бойынша мысалы: мен Саитова Гульзара, Ахметов Абдулжанның мамасымын. Менің ұлым би билегенді жақсы көреді. Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар бойынша 2 топқа бөлінеді
1 топ шеңбер, квадрат
2 - топ толқын мен үшбұрыш

3. Ой қозғау:
Ата - аналар 2 - топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі дегенімізді қалай түсінесіздер құрметті ата - аналар? Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады.
Сол жағдаяттан шығу жолдарын ауызша айтып шығады
1. Бала жақсы білімді болу үшін ата - аналардың міндеті қандай болу керек?
2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс - әрекетіңіз?

Жаңа сабақты ашу.
Бір ағашты өсіру үшін біз оны қаншама қиындықпен өсіреміз. Ағаштың әдемі болып өсуіне құнарлы топырақ, су, ауа, жылу, қорғаныш, мейірім - махаббат керек. Біздің балаларымызда тура сондай. Ал енді бір үйді салу үшін қаншама қиындықтар, кедергілер, қаражат, шыдамдылық, еңбек талап етіледі. Біздің балаларымызда сол үй сияқты әлі салынуда. Ондай болса біз қандай үй салып жатқанымызды көрейік.
Ата - аналарға дайын макеттер беріледі. 1 топқа үйдің фундаменті. Сұрақ: фундаментті мықтылап құю үшін, біз ата - аналар қандай әрекет жасаймыз?
2 - топқа қабырғасы беріледі. Сол қабырғалар ішіне бала тәрбиесі мен оқуындағы қажеттіліктерді жазады. Сұрақ: қабырғалар жел мен кедергілерде өріліп кетпес үшін, біз ата - аналар қандай әрекет жасаймыз?
Қорытынды: 2 топ бірігіп үйдің шатырын құрайды. Төбеден жауын - шашын өтпес үшін, біз ата - аналар қандай әрекет жасаумыз керек?
Үйдің макетін салып болғаннан кейін, үйдің ауласына күн, бұлттар, гүлдерді ата - аналар өздері шаптап шығады.
Демек осы қасиеттердің барлығын сіз, біз болып жұмыла, бала бойына сіңіруіміз керек екенін ұмытпайық.
Ал енді құрметті ата - аналар баланы тәрбиелеу оңай емес екендігін бәріміз жақсы білеміз. Баланың жақсы адам болып қалыптасуына ата - ана мен мұғалімдердің міндеттері өте көп. Олай болса сол міндеттерін атап көрсек.
1 топ ата - ана міндеттерін, 2 - топ мұғалім міндеттерін тірек сызбаға түсіріп, қорғайды.
Мұғалім балаға дұрыс бағыт - бағдар, білім мен тәрбие, ең бастысы дұрыс бағалауы негізгі міндеті болып табылады.
Бағалау дегенімізді қалай түсінесіздер?
«Бағалау» термині «жақын отыру»дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін, немесе өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылау. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.
1 - топқа парақшаларға «Егер сіздің балаңыз «2» деген баға алып келсе, сіздің әрекетіңіз»
2 - топқа «егер сіздің балаңыз «5» деген баға алып келсе, сіздің әрекетіңіз»

4. Аялы алақан (тренинг):
Мақсаты: Ата — ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
10 ата - ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
1. Балаңызды қалай таныдыңыз?
2. Балаңызды тани алмаймын — ау деген қорқыныш болды ма?
3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата - анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

5. Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата - ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс - шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата - ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Психологиялық сәт: Құрметті ата - аналар сіздер жиналысымыздың басында геометриялық фигураларды таңдап алдыңыздар «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Толқын. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Жүректен жүрекке: Құрметті ата - аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып үйдің ауласындағы ағашты көркейтейік.
Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп - жебеп жүрсін дегім келеді.
2 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбие тал бесіктен
Тәрбие тал бесіктен
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Баланың бас ұстазы ата-ана
Баланың бас ұстазы ата-ана
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×