Тәрбие тал бесіктен
Бала тәрбиесі өзекті мәселе.
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінде «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында барлық ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты ашып берген мектеп директоры Ж. Қашқын күн тәртібіндегі мәселелермен таныстыра отырып, қазіргі таңдағы өзекті жағдайларға тоқталды. Өз кезегінде директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да баланы қалай тәрбиелеу жөнінде өз ойларын ортаға салды. Ата – алар жиналысының ең маңызды сәті қазіргі Кембридж әдісімен өткізілетін ата – аналарға арналған тренинг сабақ екені де айтылды. Менің мұндағы мақсатым барлық ата аналар жиналып отырғанда балаға жауапты ата – ана, мұғалім тығыз байланыста болу қажеттігін түсіндіру. Қазіргі таңда орын алып отырған келеңсіз оқиғаларды болдырмау, алдын алу. Ата – аналарды бала тәрбиесі жөніндегі «Өзің қандай немесе балаң қандай?» өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөліп алдым. Сол мақсатта тәрбие жөнінде слайдтар жасап, бейне роликтер көрсеттім. Сол бейне роликтер, тақырыптық сұрақтар жөнінде ата – аналар өз ойларын ортаға қосты. Тренинг соңында ойын айтып жеткізе алмаған ата – аналармен рефлексия яғни кері байланыс жасап тілек ағашы салынған плакатқа стикерлерге жазылған пікір, тілек, ниеттерін жапсырып кетуді өтіндім. Сол арқылы ата – аналардың ойын оқып талдадық. Жиналыс соңында ата – аналар тренингтен үлкен әсер алғандарын және осындай тренингтердің жиі өткізіліп тұратын болса міндетті түрде қатысатынын айта кетті. Ата – аналарға зор әсер қалдырған тренингтің жоспарымен барлық мектепте қызмет жасайтын сынып жетекшілермен бөлісейін деп жоспарымды ұсынып отырмын.
Тренинг сабақтың тақырыбы: «Тәрбие тал бесіктен басталады»
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату. Көңіл - күйлерін көтеру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, топқа бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, қарым - қатынастарын нығайту. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру.
Міндеттері: Ата - аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Әдістері: Пікір алмасу, сұрақ - жауап, тест, ситуациялық жағдаяттардан шығу.
Тренинг сабақтың жоспары: Топқа бөлу
Ситуациялық сұрақтарға ата – аналар жауабы
Сергіту сәті
Пікір алмасу
Рефлексия (кері байланыс) 2 минут
Көрнекілігі: Тілек ағашы алынған плакат, стикерлер, смайликтер, проектор, ноутбук, шарлар.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты тренинг - сабағымызға хош келдіңіздер! Ата - ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Ата - анаға еліктеп жас өнеді,
Ұмыттым деп өкінбе бәсе, нені!
Есті жауап таппаймыз ешқашанда,
Жан - жағынан қарамай мәселені.
Көшу керек ісіне сөзінен ел,
Түбі мұны түсінер кезі келер.
Балаң дана болмайды Абай сынды,
Құнанбайдай болмасаң өзің егер – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата - ана. 10 минут
Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңберін құрамыз.
Бір – бірімізге жылы лебіз білдіре отырып амандасып аламыз. Өлең шумақтары арқылы ата – аналарды топқа бөлеміз.
1. «Отбасы» тобы
2. «Әкелер» тобы
3. «Аналар» тобы 3 минут
Негізгі бөлім: «Бала тәрбиесі» жөнінде бейне ролик көрсетіледі. Осы бейне ролик бойынша ата – аналардың пікірін тыңдау.
Ситуациялық сұрақтар:
1. «Отбасы» тобы «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты, әрекетіңіз?»
2. «Әкелер» тобы «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз “Басым ауырып тұр, сабаққа бармай - ақ қояйыншы”, - деді, әрекетіңіз?»
3. «Аналар» тобы «Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?»
Сергіту сәті: Ата – аналарды бір сергітіп аламыз.
Пікір алмасу:
1. Беймезгіл кешкі уақытта балаңыз көшеде жүр. Рейд жасаған кезекші мұғалім балаңызды ұстап алды. Сіздің пікіріңіз?
2. Сабақтың үстінде балаңыз ұялы телефон ұстап сабаққа кедергі келтірді. Мұғалім телефонын алып қойды. Кім кінәлі деп ойлайсыз?
Қорытындылау: Рефлексия:
- Өзіңізге пайдалы мәлімет ала алдыңыз ба?
- Қандай әсер алдыңыз?
- Сіздің тілегіңіз бен ұсынысыңыз:
Ата – аналар өздерінің ұсыныс пікірлерін стикерлерге жазып «Тілек ағашына» жабыстырады.

Жаңалықтар
2018 - 2019 оқу жылындағы қыркүйек айында өткізілген ата - аналар жиналысының хаттамасы
Сынып арасында кестеге сәйкес ата - аналар жиналысын өткізу туралы
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Топтағы ата - аналарды бір - бірімен таныстыру.
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.