Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - ана мен бала қарым - қатынасы

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата - аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата - аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата - аналарға көмек ретінде «Өзін - өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата - аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата - ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып - білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата - аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір - бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Өзіңді - өзің танысаң — істің басы
Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек - кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы, сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин
1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?
(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.
Сіздің бойыңыздағы қасиеттер сәйкес келе ме, жоқ па анықтау мақсатында шағын психологиялық тест жүргізіп көрейік. (ауызша тест)

Қорытынды: Бала ата - ананың айнасы - демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

3. Ой қозғау:
Ата - аналар 4 - топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек - сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
1. Бала жақсы білімді болу үшін ата - аналардың міндеті қандай болу керек?
2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс - әрекетіңіз?

4. Аялы алақан (тренинг):
Мақсаты: Ата — ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
10 ата - ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
1. Балаңызды қалай таныдыңыз?
2. Балаңызды тани алмаймын — ау деген қорқыныш болды ма?
3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы. жүктеу
2 166
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлі
Бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлі
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - аналардың ой - пікірлерін біліп, сынып жетекшісіне деген сенімін арттыру.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбие тал бесіктен
Тәрбие тал бесіктен
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мендигалиева М. К.
Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×