Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жарасып жеңгесімен жайраңдаған. Сайысының сценарийі

29 маусым 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
“Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жарасып жеңгесімен жайраңдаған” Сайысының сценарийі

Жүргізуші: Көктем келді жамылып арай нұрын
Шаттықтарға толғандай маңай бүгін.
Жауқазынға оранған жұмыр жерге
Көкжиектен қызықтап қарайды Күн.
Менің елім бұл күні сән құрады:
Жүгіргенде қыз қылық тау бұлағы,
Тербеледі тіл қатып тал, құрағы,
Зулап алға даланың арғымағы,
Дүбірінен қалалар жаңғырады.
Найзағайлы түндердің сәбиіндей,
Көктем таңы қызарып албырады.

Қыстан қысылып шыққан тіршілік иесінің бәрінің бойына нәр бітіріп, көңіліне қуаныш ұялатар, шуақты көктемнің келуімен баршаңызды құттықтаймын. Көктемнің қанатына ілесе жететін, барша жанның асыға күтетін аналар мерекесі де келіп жетті. Олай болса, асыл аналар, аяулы ұстаздар, сұлу жеңгелер, қымбатты қыздар баршаңызды алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен тағы да құттықтаймын. Өмірлеріңізге шапағат, көңілдеріңізге қанағат, жүректеріңізге махаббат тілей отырып, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған” атты мектепішілік сайысымызға қош келдіңіздер дегім келеді.

--------------------------- орындауында “Асыл ана” әні тек өздеріңізге арналады аяулы да асыл аналар.
Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
Мен - дағы оның бәрін жақсы білем.
Бір ғажап – ұл - қыз біздің елде керім
Қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.
Жас келін үй билемес тізгінді алып,
Ал сосын тым бауырмал біздің халық.
Қазақтың жас - кәрісі өле - өлгенше
Самарқау тұра алмайды өнер десе.
Білмесең, таны, достым, жақын барып,
Шетінен қазақ деген ақын халық.
Даламыз жазық болса қанша біздің,
Сондай кең пейіліміз де баршамыздың –

деп ақын Ф. Оңғарсынова жырлағандай, өнерлі де бауырмал қазақ халқының сал - дәстүрі ұшан - теңіз. Қыз баланы оң босағаға отырғызып қадірлеген қазақ халқы, үйіне келіп түскен келінді табалдырықтан оң аяғымен аттандырған. “Қызым саған айтам, келінім сен тыңда” деп келінді өз отбасына ыңғайлап тәрбиелей отырып, бүгінгі қыз ертеңгі бір отбасына келін боларын білген дана халық қыз баласының жеңгесімен жараса жүруін қалаған. Есімдерін тура айтпай, “Ботагөз”, “Сұлуқыз”, “Шырайлым”, “Еркем” деп әдемі ат қоя жүріп, жеңгелері де қайынсіңлілеріне өздерінің бар білгендерін үйрете білген. Осы бір жеңге мен қайынсіңлі арасындағы нәзік те берік байланыстың бүгінгі күнгі көрінісі қандай, бүгінгі қазақ қыздары мен келіндерінің халық дәстүрін қаншалықты білетіндерін аңғару мақсатында осы сайысты ұйымдастырған едік. Ендеше, сайысымыздың қатысушыларымен таныс болайық.

1. 7 - сынып оқушы
2. 8 - сынып оқушысы
3. 9а - сынып оқушысы
4. 9ә - сынып оқушысы

Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

1.“Сәлем – сөздің анасы” (Қатысушылардың өздерін таныстыруы)
2.“Қызға қырық үйден тыю” Қазақы ұғымдарға байланысты шапшаң сұрақтар.
3.“Ана көрген тон пішер” (Қолөнер сайысы)
4.“Жеңгесі бар қандай - ды” салт - дәстүрге байланысты берілген тапсырмалар.
5.“Өнерлі өрісі кең” Өз өнерлерін көрсету.
6.“Үкілі камшат, бүрмелі көйлек” сән үлгісін көрсету.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беріп, төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Ендеше алғашқы бөлімге кезек берейік.

І бөлім. “Сәлем – сөздің анасы”. Қатысушылар өздерін таныстырады.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді әне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Ортада “Әке толғауы” биімен “Балауса” бишілер тобы. Қарсы алайық.

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен арулар.
Қойылғанда төмендегі сұрақтар, дей келіп, кезекті ІІ бөлімге береміз.

ІІ бөлім. “Қызға қырық үйден тыю” Қазақы ұғымдарға байланысты шапшаң сұрақтар.
Әр сұраққа 1ұпай беріледі.

Шапшаң сұрақтар:
1. Түндік дегеніміз не? (Шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз)
2. Қандай жілік қыз балаға қойылмайды? (кәрі жілік)
3. Үш арсызды ата. ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Мақалды жалғастыр. Абысын тату болса, ас көп,…(Ағайын тату болса, ат көп)
5. Бір рудан тараған туысты қалай атайды. (әулет)
6. Адалбақан дегеніміз не? (ертедегі киім ілетін ағаш)
7. Қонақтың түрлерін ата. (Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
8. Жол мақсаты не? (Жол мақсаты – жету)
9. Төскімге тартылады? (күйеу балаға)
10. Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұратын киіз қалай аталады? (Туырлық)
11. Ерулік дегеніміз не? (Басқа жерден көшіп келген адамды көршілерінің қонаққа шақырып ас беруі.)
12. Мақалмен түсіндір. Қандай ат қай кезде жанына торсық байлатпайды? (жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас)
13. “Тасбақа дауылы” қай уақытта болады? (Сәуір айында)
14. Таста не жоқ? (Таста тамыр жоқ)
15. Жасау дегеніміз не? (Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік)
16. Сонар сөзі қай кәсіпке байланысты қолданылады? (аңшылық)
17. Бәсіре дегеніміз не? (Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ен салынған мал.)
18. Киіз үйдің қанаты қанша болады? (3қанаттан бастап 12 қанатқа дейін болады)
19. Мақалмен түсіндір. Қандай адам өліде жыласпайды? (Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды)
20. Бөстек дегеніміз не? (Малдың не аңның иленген жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалған төсеніш)

ІІІ бөлім. “Ана көрген тон пішер” (Қолөнер сайысы) Аруларымыз осы жерде отырып, қолдан кез келген бұйым дайындап көрсетуі керек. Сурет салуға да болады. Жасап болған соң, қазыларға көрсетіп қорғайды.

Қатысушыларымыз жұмыстарын бастай берсін, ал біз кезекті әнге берейік. Қайыржанқызы Меруерттің орындауында “Асыл әжем” әні қабыл алыңыздар.
Ана деген бақыты ғой әр үйдің,
Анам барда іңгәлаған сәбимін.
Анам күлсе шаттанамын бақыттан,
Ал мұңайса мен де бірге налимын.
Анам барда көңіліме алмай мұң,
Қарлығаш боп биіктерге самғаймын,
Анам барда жүрегімнен суырып,
Ақын болып анама жыр арнаймын.

Иә, анаға жыр арнамаған ақын, анаға ән жазбаған композитор, ана тақырыбына қалам тартпаған жазушы жоқ шығар. Т. Айбергенов “Ана”, оқитын 6 - сынып оқушысы Оразалықызы Ләйлә,.

ІҮ бөлім. “Жеңгесі бар қандай - ды”салт – дәстүрге байланысты берілген тапсырмалар. Конвертте екі тапсырма берілген. Сол тапсырмаларды орындап, сұраққа жауап беру керек. Әр жауап толық болса, 5 ұпаймен бағаланады.

№1
1. Сыралғы сөзінің мағынасын түсіндір. (Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан, саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда сыралғы сұрағанның сөзін жерге тастамайды.)
2. Қазақ халқының қыз балаға және келінге айтылатын тыйым сөздерін ата.

№2
1. Тоқымқағар сөзінің мағынасын түсіндір. (Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жайылады. Ойын - сауық, өлең - жыр айтылады.)
2. Ұлтымыз қандай сандарды қасиетті деп есептеген және олар туралы қандай ұғымдарды білесің? (3, 4, 7, 9, 13, 40)

№3
1. Сауын айту сөзінің мағынасын түсіндір. (Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол кісі күні бұрын жан - жаққа хабарлатып, сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт - дәстүрмен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын жыршысымен келсін дегенді білдіреді)
2. Киіз үйді жіліктеп бер.(негізгі үш бөліктен тұрады: үйдің сүйекері – ағаштан жасалған бөліктері, киіздері, баулары)

№4
1. Көгентүр сөзінің мағынасын түсіндір. (Бір – біріне жақын туыс, ілік, жұрағатадамдардың баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый қуаныш болса, оның ата – аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі.)
2. Мал жіліктерін ата. Олардың қандай табаққа салынатынын, қонаққа ет тарту рәсімі туралы айт. (қолжіліктері - кәріжілік, күң (ортан) жілікжауырын, санжіліктері – асықтыжілік, тоқпанжілік, жамбас.)

Қос ішектің бірін тарт та, бірін сәл кем бұра,
Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.
Олай болса, домбыраға біз берейік кезекті
Бабалардан домбырамен жеткен асыл мол мұра.
---------------------------- орындауында “Кеңес” күйін қабыл алыңыздар.

Ү бөлім. “Өнерлі өрге жүзер”Өз өнерлерін көрсету.

ҮІ бөлім. “Үкілі камшат, бүрмелі көйлек” сән үлгісін көрсету

Мұратова Қарлығаштың орындауында “Әкешім - анашым” әнін қабыл алыңыздар.

“Батырды батыр жеңер алысқанда,

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда”- демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу бар да, кейінде қалу бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де шетінен көрікті де ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық. Десек те, қайсысының тұлпары оза шапқанын айтар әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Осымен “Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған” атты мектепішілік сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Жақсы күндерде жолыққанша.


Өткізген: Досмағанбетова Ж.
5 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×