Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған

04 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған

1 - жүргізуші: Армысыздар, асыл жеңгелер, құрметті ұстаздар, қыз - қызғалдақтар.
2 - жүргізуші: Қыстан қысылып шыққан тіршілік иесінің бәрінің бойына нәр бітіріп, көңіліне қуаныш ұялатар, шуақты көктемнің келуімен баршаңызды құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. «Кімде кім үш қыз өсіріп тәрбиелеп бой жеткізіп, құтты орнына қондырса оның сыйлығы – жаннат» деген Мұхаммед пайғамбар. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған орай, жатақхананың оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстырып өткізгелі отырған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған» атты сайысқа қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Көктем келді жамылып арай нұрын
Шаттықтарға толғандай маңай бүгін.
Жауқазынға оранған жұмыр жерге
Көкжиектен қызықтап қарайды Күн.

2 - жүргізуші:
Менің елім бұл күні сән құрады:
Жүгіргенде қыз қылық тау бұлағы,
Тербеледі тіл қатып тал, құрағы,
Зулап алға даланың арғымағы,
Дүбірінен қалалар жаңғырады.
Найзағайлы түндердің сәбиіндей,
Көктем таңы қызарып албырады.

1 - жүргізуші: Армысыздар, асыл жеңгелер, құрметті ұстаздар, қыз - қызғалдақтар.

2 - жүргізуші: Қыстан қысылып шыққан тіршілік иесінің бәрінің бойына нәр бітіріп, көңіліне қуаныш ұялатар, шуақты көктемнің келуімен баршаңызды құттықтаймыз.

1 - жүргізуші: Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. «Кімде кім үш қыз өсіріп тәрбиелеп бой жеткізіп, құтты орнына қондырса оның сыйлығы – жаннат» деген Мұхаммед пайғамбар. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған орай, жатақхананың оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстырып өткізгелі отырған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған» атты сайысқа қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
Мен - дағы оның бәрін жақсы білем.

Бір ғажап – ұл - қыз біздің елде керім
Қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.

1 - жүргізуші:
Жас келін үй билемес тізгінді алып,
Ал сосын тым бауырмал біздің халық.
Қазақтың жас - кәрісі өле - өлгенше
Самарқау тұра алмайды өнер десе.
Білмесең, таны, достым, жақын барып,
Шетінен қазақ деген ақын халық.
Даламыз жазық болса қанша біздің,
Сондай кең пейіліміз де баршамыздың – деп ақын Ф. Оңғарсынова жырлағандай, өнерлі де бауырмал қазақ халқының сал - дәстүрі ұшан - теңіз. Ендеше бүгінгі сайысқа қатынасқалы отырған ажарлы жеңгелер мен ару қыздарды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық!

2 - жүргізуші: Ендігі кезекте сайысқа төрелік етер әділқазылар алқасымен таныс болсақ:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
2. психолог
3. Жатақхана меңгерушісі:

1 - жүргізуші: Әділқазылармен таныс болсақ, жеребе суыру арқылы рет нөмірлеріңізді анықтайық
2 - жүргізуші: Ендеше, сайыс шарттарымен таныстыра кетейін.
Сайысымыз алты бөлімнен тұрады. Әр бөлімде жоғары ұпай 5 баллмен өлшенеді.
1. «Сәлемменен басталар сөз атасы» (Таныстыру )
2. «Өнерлінің өрісі кең»(Өнерлерін көрсетеді )
3. «Жеңгесі бар қандай - ды» (салт - дәстүрге байланысты көріністер.)
4. «Ана көрген тон пішер» (Үй тапсырмасы )
5. «Ас - адамның арқауы» (Ас дайындау )
Ендеше алғашқы бөлімге кезек берейік.

1. Сәлемменен басталар сөз атасы (Таныстыру) Қатысушылар өздерін таныстырады.

1 - жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз. Асыл тастан, өнер жастан демекші, кезекті өнерлеріңізді көрсетуге береміз. Өнерлінің өрісі кең (Өнерлерін көрсетеді )

2 - жүргізуші: Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Сырларына қанығып, бізде біліп,

Келесі кезекті салт – дәстүрлерге арналған көріністерге берсек.
Жеңгесі бар қандай - ды (салт - дәстүрге байланысты берілген тапсырмалар.)

1 - жүргізуші: Кезекті Ана көрген тон пішер атты үй тапсырмасына арналған кезеңге береміз. Ана көрген тон пішер (Үй тапсырмасы )

2 - жүргізуші: Сайысымыздың «Ас - адамның арқауы» атты бөліміне кезек берсек. Бұл бөлімде сіздерге мынадай шарт қойылады.
Жеңгесі мен қайын сіңлісі үйде шүйіркелесіп отыр. Кенет қоңырау соғылып, көптен келмеген ағайындарыңыз келетінін айтты. Сіздің қолыңызда 500 теңге. Осы ақшаға қажетті азық – түлікті сатып алып, 15 минут ішінде қонақ күтуге қамданып, ас әзірлеңіздер. Ал қайынсіңіліс әдемі шаш үлгісін дайындауы қажет. Шарт түсінікті болса, іске сәт!
Ас - адамның арқауы (Ас дайындау)
5 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жарасып жеңгесімен жайраңдаған. Сайысының сценарийі
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жарасып жеңгесімен жайраңдаған. Сайысының сценарийі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен тағы да құттықтаймын. Өмірлеріңізге шапағат, көңілдеріңізге қанағат, жүректеріңізге махаббат тілей отырып, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған” атты мектепішілік
Жеңгем – сырласым
Жеңгем – сырласым
Жеңгем – сырласым Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...
Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтанова Гүлсім Дәуітбайқызы
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×