Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұқыпты бала – әдепті бала

06 шілде 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала
Құндылық: дұрыс әрекет
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесінде жалқаулықты қадағалай білу, ұқыптылық, тазалық, шыдамдылық құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларға жалқаулықты қадағалай білу, тілалғыш болу туралы түсінік беру;
б) Дамытушылық: оқушылар бойында ұстаздарды сыйлау, ұқыпты болу қасиетін дамыту;
в) Тәрбиелік: оқушыларды денсаулықты сақтай отырып, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді
түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза Әсемгүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып жүрегіңіздің көзін ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, игі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,
бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте күшейе бастайды, сіздің
денеңізден тарап, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне
нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді
Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
Осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Е. Өтетілеуов «Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу
1. Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
2. Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
3. «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіздер?
4. Сендер өз уақыттарыңды қалай пайдаланасыңдар?

3. Дәйексөз.
Ұқыптының уақыты мол
М. Әлімбаев
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Ұқыпты болу барлықтарыңның қолдарынан келеді ме?
3. Ұқыпты оқушы қандай қасиеттерге ие?
4. Өз ісіңе қалай ұқыпты болуға болады?
5. Жұмыс кестесін құруға, алдын ала жоспарлауға болады ма?

4. Әңгімелесу, сұхбат. «Мұғалім сыйы»
Бір аптада
М. Жаманбалинов
Бір аптаның күндері өтті
Дүйсенбіде гүлдер ектім
Сейсенбіде жуа тердім
Сәрсенбіде су әкелдім
Бейсенбіде бақша баптап,
Жұма күні тақпақ жаттап,
Сенбіде мен кино бардым,
Жексенбіде бір демалдым.

1. Бір аптада бұдан да көп шаруа бітіруге болады ма?
2. Аптаның күндеріне кесте құрған дұрыс па?
3. Талаптан да ақыл мен өнер үйрен дегенді қалай түсінесіздер?
4. Еңбекқорлық пен жалқаулықтың қандай айырмашылығы бар?

5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық
жұмыс
Оқушыларды суреттер арқылы 3топқа бөлу.
1 - топқа: «Мен ұқыпты баламын» тақырыбында сурет салу, сурет жайлы әңгімелеп беру
2 - топқа: Өздерің әдептілік ережесін құрастырыңдар
3 - топқа: «Ұқыпты қыз» ертегісін аяқтау

6. Топпен ән айту

Сөзі: С. Молдасанұлы
Әні: Ф. Лұқпанова
«Бала тілегі»
Бал - балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.
7. Кері байланыс
Сабақтан алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер. Стикерлерге өз пікірлерін білдіру.

ОҚО, Кентау қаласы,
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
өзін - өзі тану пәнінің магистр - оқытушысы
Устемирова Батия Бектемірқызы

Толық нұсқасын жүктеу
5 799
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×