Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылықпен жаным дос

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
- оқушылардың «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;
- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
- мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу..

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап, барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын,,, нұр менің ішімде,,, мен нұрмын...» Осындай нұр, махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
1. 1. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?
2. 2. Қандай сезімде болдыңдар?

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Қуанамын» сөзжұмбағын құрастырып келу.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары

3. Әңгімелесу:
1. Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Жақсылық жасау деген не?
3. Жақсылық адамның бойында қандай қасиеттер болады?
4. Жақсылық жасау адамның парызы ма?

4. Мәтінмен жұмыс. «Жақсылыққа – жақсылық».(Ертегі)
Мәтін бойынша пысықтау сұрақтары:
1. Бала өзімшілдігінен қалай айырылады?
2. Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?
3. Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

5. Дәйек сөз. «Жақсы сөз – жарым ырыс»
6. Топпен ән айту. «Біз өміріміздің гүліміз» Сөзі: Ә.. Дүйсенбиев. Әні: Б. Ғизатов
7. Үй тапсырмасы.
Жақсылық жасау адамның парызы ма? ой толғау

8. Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осынын барлығын жүрегімізге салып, көкемізге түйіп алайық.
Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
5 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Өнер-өмір өрнегі...
Өнер-өмір өрнегі...
Міндеттері: - Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу; - Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×