Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы

30 қыркүйек 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ата - аналар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2 - жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)

2 - жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық
1 - жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. мақал - мәтел сайысы
3. Ас мәзірін даярлау
4. Шығармашылық сайысы
5. Сұлулық сыры

2 - жүргізуші: Кел, достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Ұлдардың орындауында «Ай дидарлы анашым» өлеңін қарсы алайық
Таир, Ербол, Данияр

1 - жүргізуші: Бірінші сайыс өзін - өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін - ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
2 - жүргізуші: Екінші сайыс - мақал - мәтел сайысы көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ұлдардың орындауында би «Қазақ қыздары міне» Ерсултан, Даниал, Мади
1 - жүргізуші: Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, үшінші сайысымыз – ас мәзірін дайындау.
«Менің анам алтын өлеңін» қарсы алыңдар Адиль, Даниал, Абдурахим
2 - жүргізуші: Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз шығармашылық сайысы.
Орталарында «Қамажай» би
2 - жүргізуші: Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз сұлулық сыры сайысы.
1 - жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
«Ақ мамам» өлеңін тамашалаңыздар
Робот көрінісі.
«Апатайым анашым» Арғынбай Абдурахимнің орындауында
2 - жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын бәрін де есептеген жөн)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді ару, дарынды ару, тапқыр ару) жүлде тағайындайды.
1 - жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2 - жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт - береке, бірлік әкелсін.
5 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы - 2016 атты қыз сыны сайысы
Көктем аруы - 2016 атты қыз сыны сайысы
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. «Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Көктем аруы
Көктем аруы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Көктем аруы
Көктем аруы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәні мұғалімі Хасенова Ләзат Каукеновна "Үздік тәрбие сағаты номинациясы бойынша"
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы «Жансүгіров ОМ» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×