Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем аруы

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бәйге
Сабақтың тақырыбы: Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, слайд, асық, сандықша.

Барысы: 1 - жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 - жүргізуші. Бүгінгі „Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
"Қыз өссе елдің көркі" деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2 - жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1 - жүргізуші. Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2 - жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1 - жүргізуші. Дина ару өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.

Тойжан ару білімді
Меңгерген бар ілімді

Ұлпан ару үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп

Амангүл ару елгезек
Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Аружан
Ұқсайды хор қызына

Аэлита ару шығады
Бұрымдары желбіреп.

Ұлбосын ару өнерлі,
Мінезі оның жігерлі

Айперім ару сымбатты,
Өнері оның қымбатты.

2 - жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Мектебіміздің директоры Дүйсенбек Аликаримұлы
Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Асхат Құмарбекұлы
Мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жанар Қасымбекқызы
Мектебіміздің әдіскері Мария Амирханқызы

1 - жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді.
Сайысымыз 6 турдан тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. «Бес саусағынан өнер тамған» - ою ою.
3. «Өнерліге өріс кең»- өз өнерін көрсету
4. «Ас - адамның арқауы» - ұлттық тағамды қорғау.
5. Мың бір мақал сайысы
6. «Тіл жүйріктен де озады»- жасырылған нәрсені тауып, үш тілде айту.

2 - жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1 - жүргізуші. Бірінші сайыс - өзін - өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.

2 - жүргізуші. Екінші сайыс - қыз сұлу көрінеді ісіменен
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1 - жүргізуші. Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
Қыздарымыз ою ойып, оны қорғайды.

Ән «Анама» Орындайтындар Ілияс Болатұлы, Асхатов Бекзат
2 - жүргізуші. Үшінші сайыс - өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
1 - жүргізуші.
Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, төртінші сайысымыз - ұлттық тағамды қорғау.
2 - жүргізуші. Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, – дей келе келесі кезек
Мың бір мақал
(Өздері таңдаған тақырыптары бойынша мақал - мәтел айту
1 - жүргізуші.. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз - полиглот
(Сандықшаның ішінде жасырылған нәрселерді сипап сезу арқылы үш тілде айту)
Ән «Асыл ана» Тоқанов Рахат, Болатұлы Мирас
1 - жүргізуші. Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2 - жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын - бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз, өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1 - жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2 - жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт – береке, бірлік әкелсін.
Ән «Асыл әже» Орындайтындар сынып оқушылары
7 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көктем аруы - 2016 атты қыз сыны сайысы
Көктем аруы - 2016 атты қыз сыны сайысы
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. «Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Көктем аруы
Көктем аруы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы «Жансүгіров ОМ» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×