Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем аруы - 2016 атты қыз сыны сайысы

31 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Көктем аруы - 2016» атты қыз сыны сайысы

Ән: «Қыз сыны»
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Мектебіміздің бетке ұстар мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, қатарыңнан қалыспа.

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

(Аруларымыз баяу ойналған музыкамен сахнаға шығады).
7 сынып оқушысы –
8 сынып оқушысы –
8 сынып оқушысы –
9 сынып оқушысы –
10 сынып оқушысы –

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

1. Бастауыш сынып мұғалімі:
2. Бастауыш сынып мұғалімі:
3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Даланың терең жұтсақ ауасы кең,
Танысайық бұл кештің шарасымен:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І. «Мен қазақтың қызымын» - Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ. «Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл - сықақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ. «Озған ел тарихын таспен жазады» - Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді, берілген мақалды аяқтайды және дайындап әкелген жаңылтпаштарын айтады.

IV. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген өнер туындыларын қалай жасағанын әділ қазылар алқасына жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.

V. «Шығармашылық қолөнер сайысы»:
1. Шаш өру. Бұл бөлімде аруларымыз әдемі, қисынын келіп өру шеберліктерін көрсетеді.
2. Сурет салу. Берілген суретке қарап отырып, сурет салу шеберлігін көрсетеді.
3. Түйме қадау. Бұл бөлімде аруларымыз ине – жіп ұстап түймені әдемі және сапалы қадау мәнерін көрсетеді.
4. Ою ою. Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.

VI. «Адам көркі - шүберек» - сән үлгілерін көрсету. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне, жүріс тұрысына ерекше мән беріледі.
Жеребе тасталады, яғни арулар өз нөмірлерін алып кезекпен өнер көрсетеді

Жүргізуші:
Ұрпағы мен боламын бабалардың,
Биікке өнерменен бара аламын.
Қанеки, тыңдайықшы барша халық
Кім екен түпкі атасы арулардың? – дегендей аруларды сәлемдесуге шақырамыз.

(Арулар кезекпен өздерін таныстырады)

Жүргізуші:
Тау әсем қарағайлы аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?
«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша арулар өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:
Халқымыздың тарихын үйренейік,
Жамандықтан арулар жиренейік!
«Озған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады» шарты бойынша арулар сұраққа жауап береді, мақалды аяқтайды.

1. Үш биді атап бер.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

2. Жеті күнді атап бер.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

3. Туған – туыстарға кімдер жатады?
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

4. Жеті қазынаны ата.
Көп түкірсе көл болады.

5. Қазақ халқының мейрамдарын ата
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — мазар.

Жүргізуші:
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болса да айтатын жүрегімен,
Әнді нағыз өнер деп білемін мен - дегендей үй тапсырмасы.

Жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.

Жүргізуші:
Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.

Құттықтау, марапаттау.
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

Жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз! «Көктем аруы - 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!!!
13 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Көктем аруы
Көктем аруы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Көктем аруы
Көктем аруы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәні мұғалімі Хасенова Ләзат Каукеновна "Үздік тәрбие сағаты номинациясы бойынша"
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
Қызғалдақ қыз, Наурыз - ана!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы «Жансүгіров ОМ» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×