Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жердей жер болмас

04 қараша 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Туған жердей жер болмас….
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған ѳлкенің байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, туған жер табиғатын аялауға, халқымыздың таланты ақындарының ѳлеңдері мен ата - бабаларымыздың ѳнеге етіп қалдырған даналық сѳздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін кѳздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың кѳрнекілігі: күннің, гүлдің суреті, Қазақстанның кѳрікті жерлерінің суреті, суреттер, слайд.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой - қозғау, кластер, топтық жұмыс, әңгімелеу, сурет салу. ойын - жаттығу..

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
Кіріспе.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды ѳзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп ѳтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен.
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мына өлең жолдарынан нені түсіндіңдер? Өлең жолдарының авторы кім? Оқушылар өз ойларын айтады.
«Туған жердей жер болмас..» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ия, осынау кең - байтақ еліміз, туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Біздің осынау кең байтақ жерімізге әсем табиғат, мол байлық берген. Әрқайсысымыз айналамыздағы әсем табиғат бүлдірмей, оны қорғап, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Туған жер адамға ерекше ыстық. Тіпті балалық шағындағы туған жер, туған ауыл, туған ел түсінігімен бірге адамда Отанға махаббат сезімі оянады. Отан ошақ басынан басталады деген осы болса керек.

Ой - қозғау.
Тәрбиеші: Бүгін біз туған жер туралы ойларымызды ортаға саламыз.
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті?
- Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Табиғатқа шыққанда қоршаған ортаға қандай қарым - қатынаста боласыңдар?
Оқушылар жауап береді.
Отан, туған жер түсінігі кластер әдісі негізінде түсіндіріледі (слайд). Қазақстанның көрікті жерлері слайд арқылы көрсетіледі

Сергіту сәті. «Естігенде шапалақта» ойыны. Мұғалім онға дейін санайды, он деген кезде оқушылар шапалақтайды. Кейін тәрбиеші шатастырып санайды. Тек қана он деген сѳзге шапалақтау қажет. Қателескен бала ойыннан шығып отырады.

Топтық жұмыс. «Күн» және «Гүл» ойындары.
Бірінші топқа тақтаға күн бейнесі ілінеді. Оның ішіне «Туған жер табиғаты бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі нұр таратады. Мысалы: ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, қуаныш, болашақ, дәрі - дәрмек, білім, қазба байлық, соғыс, төбелес, алауыздық, ұрысу т. б. әртүрлі мазмұндағы суреттердің ішінен керегін күннің айналасына қояды. Осы сѳздер нұр болып таралады.
Екінші топқа тақтаның ортасына «Біз туған жер табиғатына не бере аламыз?» деп жазылған ұзын ағаш ілінеді. Ортада табиғатқа байланысты әртүрлі мазмұндағы суреттердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелін құрастыру. Гүлдің бейнесі пайда болады. Керек емес суреттерді қоқыс шелегіне тастау.

Сурет салу. Оқушыларға өз туған ауылдарының суретін салу тапсырылады. Тапсырма бағаланады.
«Атамекен» әні орындалады.

Қорытынды. Сабақты бекіту мақсатында «Аспанымыз ашық болсын!» жаттығуы жасалады. Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген. Барлығымыздың туған жеріміз – қазақ даласы; Отанымыз – Қазақстан; туған қаламыз – Қаскелең; біздің ұлтымыз – қазақ; ана тіліміз – қазақ тілі; Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында тұрады. Соларды орындау барысында күннің кѳзі ашылады.
Балалар, біздің «Туған жердей жер болмас….» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар, кѳріскенше күн жақсы!

Қаскелең қаласы облыстық
зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп -
интернатының тәрбиешісі Асанова Жамила
8 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу
Экологиялық асыл сөздер
Экологиялық асыл сөздер
Өсіп тұрған далада, Жалғыз ағашты кеспе.
Мен - өз Отанымның патриотымын
Мен - өз Отанымның патриотымын
Туған жеріміз Қазақстанмен қалай мақтанамыз біз, қандай байлығы бар? Тақтаға күннің суреті ілінеді. Оқушылар күннің айналасына қазақ жерінің байлығын, кѳрікті жерлерін, ғажап жерлері бар суреттерді іле бастайды
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Интеллектуалды ойын бастауыш сынып оқушыларына.
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстан – Менің Отаным
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×