Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен - өз Отанымның патриотымын

05 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
Кіріспе.
Тәрбиеші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды ѳзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп ѳтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен.
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мына өлең жолдарынан нені түсіндіңдер? Өлең жолдарының авторы кім? Әрине, ақиық ақын М. Мақатаевтың Отан туралы өлеңі. «Мен - өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ия, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар кѳлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы ѳңірі мен малға толы ѳрісі бар, сендер секілді болашағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз, мемлекетіміз - Қазақстан деп аталады. (слайд)

Ой - қозғау:
Тәрбиеші:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- Біздің ана тіліміз қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ.
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған жерің, ата - анаң, достарың, туған - туыстарың. Отан – бұл өзің тыныс алатын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Сондықтан біз Отанымыз - Қазақстанды сүйеміз. Біз Қазақстанның патриотымыз! Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9 орында тұратын, Еуразияның кіндігінде орналасқан алып, тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: Мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Сендердің өмірлерің, білім алуларың, денсаулықтарың, тыныштықтарыңды осы Ата заңымыз қорғайды.
Тәрбиеші еліміздің әнұраны, елтаңбасына, туына сипаттама беріп, қашан қабылданғанын айтып өтеді. «Әнұран» сөзі «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқының ежелден - ақ әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, әнұраны болған.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасы әнұраның әнін, сөзін жазған кім?
Оқушылар: Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
Тәрбиеші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы, Әнұраны, Туына ие болды. Ал, оқушылар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген.
Оқушылар: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осы бейнеленген суреттерді салайықшы. Балалар сурет сала бастайды.
Тәрбиеші: Олар қандай мағынаны білдіреді.
Оқушылар: көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі деген сияқты сипаттама беріп өтеді.
Топтық жұмыс.
Тәрбиеші: Туған жеріміз Қазақстанмен қалай мақтанамыз біз, қандай байлығы бар?
Тақтаға күннің суреті ілінеді. Оқушылар күннің айналасына қазақ жерінің байлығын, кѳрікті жерлерін, ғажап жерлері бар суреттерді іле бастайды
Қорытынды бөлім
Оқушылар бәрі: Қазақстан, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранмен айбатты.
Міне, балалар, бүгін өздеріңізді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі деген екен.
Қорыта айтқанда, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сенімім мол.

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі
Жұманазарова Табиға
1 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Отан неден басталады?
Отан неден басталады?
Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Туған жердей жер болмас
Туған жердей жер болмас
Отанын, туған жерін қорғай білуге, туған жер табиғатын аялауға, халқымыздың таланты ақындарының ѳлеңдері мен ата - бабаларымыздың ѳнеге етіп қалдырған даналық сѳздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін кѳздің қарашығындай сақтай білуге
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстан – Менің Отаным
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×