Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Имандылық – инабаттылық мұраты

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Имандылық – инабаттылық мұраты
Мақсаты: Оқушыларды салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Оқушылар төрт топқа бөлінген
Бірінші сынып тапсырмасы: (сұраққа жауап беру)

Кіріспе. (бейнесөзді шешу.) Шешуі: ИСЛАМ
ИСЛАМ - туралы түсінік беру.
1 - оқушы. Ислам сөзінің араб тіліндегі мағынасы тілдік тұрғыдан «мойынұсұну, бағыну, амандыққа, бейбітшілікте болу» дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім наныммен ар ұждан мәселелерін қамтумен бірге амандық пен бейбітшілікті, татулықты, бір ауыз сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір сүру салтын білдіреді.
2 - оқушы. Ислам - Жаратушы ие тарапынан жіберілген ең соңғы дін, бұдан кейін басқа дін келмейді. Өйткені, Ислам діні ақырзаманға дейін өз үкімін жоғалтпайтын, кез - келген уақытқа және жерге жарамды болып табылады. Бұл дінді адамдарға жеткізіп баяндаған Мұхаммед ең соңғы Пайғамбар.
3 - оқушы. Ислам діні қоғамның салауатты өмір сүруге қол жеткізуі, осы жағдайды үнемі сақтап қалу үшін «жақсылықты бұйырып, жамандықты тыю» негізін ұсынады. Ислам – VІІ ғасырда Араб түбінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы. Соған қарамастан әлемде 1, 5 млрл - қа жақыны Ислам дінін ұстанады. Қазақстан халқының 70 % - мұсылмандар. Исламның негізін салушы меккелік Мұхаммед. Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім және Мұхамммед пайғамбардың (с. а. у) хадистері.
4 - оқушы. Сондай - ақ Ислам бір Аллаһқа иман келтірген барлық адамдарды бір - біріне бауыр деп жариялайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед Пайғамбар (с. а. у) арқылы жіберген адамзат баласын тек жақсылыққа, адамгершілікке шақыратын діндердің бірі.
5 - оқушы. Ислам діні адам баласын бірлікке шақырып, араларында бауырластықты насихаттайды. Адамдар арасындағы қарым - қатынастарды олардың жаратылысына және психологиясына сәйкес түрде реттеп отырады.

Сергіту уақыты: Жұмбақ Шешуі: Ағаш,
күн, ай, тау, түннің батуы мен таңның атуы, өзендер, жануарлар, адамдар жалпы барлық табиғат нәрселерін Алла Тағала жаратты.
"Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ"
3 - сынып тапсырмасы. Мәнерлеп оқу...
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,»
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап еклді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Әмәнту оқымаған кісі бар ма?
Уә күтубихи дегенмен ісі бар ма?
Аллаһ өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
№12 Ф. Досымова атындағы орта мектебінің
бастауыш сыныптары бойынша оқу ісінің меңгерушісі:
Даулетова Айгуль Кенесовна

Имандылық – инабаттылық мұраты. жүктеу
2 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында
Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Имандылық жүрекке ұяласа
Имандылық жүрекке ұяласа
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Дінге артылса сенімің,	Имандылық болар серігің.
Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің.
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі Сыныбы: 5 Сынып жетекшісі: Рүстемова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×