Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Қазақ әдебиеті 5 - сынып
Сабақ тақырыбы: Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Діни әңгімелер туралы мағлұмат бере отырып, қасиетті Құран Кәрім жайында ой толғату, ислам діні және теріс діндердің пайда болу себептерін аша түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушының өз пікірін қорғай білуге үйрету. Сөздік қорларын, ислам діні туралы білетін ақпараттарын жинақтату және дамыту.
3. Тәрбиелік: Ислам дінін дәріптеу, имандылыққа, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұхбаттасу, айтыс, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: дінтану, тарих
Көрнекілігі: үнтаспа, сызбалар, слаид шоу.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып екі топқа бөлінеді. Жақтаушы және даттаушы.
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Слайдтан мына суреттер көрсетіледі. Не бейнеленген?
(оқушы жауабы талқыланады) Үнтаспадан Құран кітабы туралы мағлұмат тыңдатылады.

Адамның бойындағы ең басты қасиет - ол таным мен сенім. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам сенімдерінің ең абзалы - Жаратушыға деген сенім. Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасты. Жаратушыға деген сенімі қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті, дәріптеді, соған сай береді деп үміттенді немесе Жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім іс - әрекеттерді, құлшылықтарындағы жөн - жоралғылар мен салттарды, ережелер мен қағидаларды ”дін“ деп атады. Діннің өзіндік жөн - жоралғылары көп. Сондықтан ол кейде дәстүрге де ұқсап кетеді.

Құран Кәрім - мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет - өнегелер, екі дүниелік ереже - қағидалар жинақталған. Араб тілінде – оқу дегенді білдіреді. Құранда 114 сүре бар. Сүрелер белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ол меккелік (92) және мединелік (22) деп екіге бөлінеді. Сүре аяттарға бөлінеді. Құрандағы ең ұзағы 2 - ші сүре - 286 аят, қысқасы - 103, 108, 110сүрелер - 3 - ақ аяттан тұрады. Шығыс елдерінің ақын - жазушылары Құраннан дәйектемелер алған. Құранның сөзін түсіну оңай емес, онда арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер жиі кездеседі. Мұнда өсиет, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар, тіпті мұсылман халқы үшін күнделікті тұрмысқа қажетті заңдар берілген. Құран - қасиетті кітап.
Кітаппен жұмыс
1. Сөздік жұмыс
2. Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу. 3. Мағынасы ашылады.
IV. Сабақты бекіту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Имандылық – инабаттылық мұраты
Имандылық – инабаттылық мұраты
Салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кембілбекова Гулзина
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Қабылбекова Анаркүл Абдрахмановна
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Діни әңгімені оқыту
Діни әңгімені оқыту
Құран кәрім туралы ондағы аят - хадистерінің айтылуы дүниеге Смайылдың келуі, Әби Зәмзәм суының шығуы, Алла Тағаланың шапағаты, шексіз мейірімділігі туралы мәлімет беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×