Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің.

07 маусым 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, компьютерлік слайдтар,т.б.

Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне,, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған. Міне, осындай мақсат бойынша 5 «в» сынып оқушыларымен кездесуге шақырылып отырған қонағымызбен таныстырып өтелік:
Ауданымыздың бас имамы:

Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.

Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ. Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мына мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз (слайдтар арқылы) . Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық:
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.

Енді осы «ИСЛАМ» сөзін өзіңіз кеңінен таратып өтсеңіз.
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойынұсыну, бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз.
Кім Аллаға мойынұсынса, ол –мұсылман.
Мұсылмандар:
Аллаға,
Пайғамбарға,
Алла кітабына,
Періштелерге,
Өлімнен кейін өмір болатынына сенеді.

Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
- Ал сендер осы бес парыз жайлы не білесіңдер?

Мұсылманның бес парызы
Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық (экраннан көрсету)
- Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, таратып айтсаңыз.

Келесі тыңдайтындарыңыз сынып оқушылары Әлиев Нұржан мен Балтабаев Әділханның мәнерлеп оқуында «мұсылмандық жолын құш» өлеңі.

Алла тағала өзінің ақыл-кеңесін Пайғамбарлар арқылы айтып отырды. Олар өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жандар болды. (пайғамбар есімдері экраннан көрсетіледі) Алланың қалауы бойынша соңғы Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың нұры жаусын) болды.

Алладан басқа тәңірі жоқ. Олай болса сыныбымыздың оқушысы Абибулла Аяулымның жаттап келген «Аллаға мадақ» өлеңін тыңдап көрелік.

Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдер көруде. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен ұйымдар мен секталардың салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.
Құранның бір аятында былай делінген:
...Аллаһ зұлымдық жасағандарды сүймейді. (ғимран сүресі, 140 аят) Олай болса, жалпы ел болып, осындай қауіптен, секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.
Енді осы тақырып төңірегінде өз ойыңызды айта кетсеңіз.

Біз Алланың құдіретімен қасиетті дінімізді . қастерлі салт-дәстүрімізді танып білетін, біліп қан қоймай соларды тіршілігімізге енгізетін заман туғанына мыңда бір тәуба дейміз. Ораза айт, Құрбан айт басқа ислам мерекелерін білмей келдік. Енді сол мерекелердің мән-мағынасын түсіндіріп берсеңіз. (экраннан ислам мерекелерінің аттарын көрсету)

Ауданымыздың бас имамына оқушылардың қояр сауалдары бар екен, ендігі сөзді оқушыларға берелік:
1. мешітке біз сияқты жас балалар бара ма?
2. «Имам» атағын алу үшін оқып, диплом алдыңыз ба?
3. Отбасыңыздың мүшелері де ораза ұстап, намаз оқи ма?
4. Қажылық сапардан алған әсеріңіз жайлы айтып берсеңіз.

Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толтырылып, ел ертеңі жастарға жан-жақты, діни, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс- шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш.
Жастайынан өзінің әрбір ісіне, сөзіне жауапкершілікпен қараған иманды адам өз айналасындағы адамдардан да осыны талап етеді. Адамзат тарихындағы ең ұлы адам, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осының дәлелі. Алла тағаланың қалауы солай.
Ендеше, Алла тағаланың тілегімізді қабыл ете көр деп Мұсылман болып кеп өмірге, Мұсылман боп кетсек дер едім. Ағайын, туыс-бауырлар, құдайдан осыны тілегін.
Кездесуге келген ауданымыздың бас имамы зор алғысымызды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.
Қорытынды сөз:
15 566
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Имандылық жарасады ұл - қызға
Имандылық жарасады ұл - қызға
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М. С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кузергалиев Талап Калиллинұлы
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу
Автор:Рахметова Батима Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс - салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×