Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құтты болсын, Жаңа жыл!

28 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Буратиноның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Тауық, Буратино, Мальвина, түлкі мен мысық балалар ата - аналар
Тауық балапанымен ортаға шығады

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен бақытты балдырғандар! Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан ертегілер еліндегі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан «Балапан – бөбекжай» балабақшасының білікті басшысы Ерішова Айгүл Қайыржанқызына береміз.

Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
Буратино: Сәлеметсіңдер ме, балалар, амансыңдар ма, құрметті қонақтар! Жаңа жыл мерекесі баршамызды қиял - ғажайып әлеміне ертпей қоймайды.
Мен және менің достарым ертегілер елінен арнайы келіп, сіздермен бірге мерекені тойламақпыз. Олай болса, менің досым әдемі бикеш Мальвинаны қарсы алыңыздар! (Музыка ойналады)
Мальвина: Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға.
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық!
Буратино: Балалар, мен Алтын кілтімді шыршаның жанына тығып қояйын, сендер мұқият болыңдар, себебі, бұл кілтпен сыйлық толы сандықты ашамыз.
Мальвина: Балалар, жаңа жылда ортамызда кім жетіспейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Мальвина: Ендеше, ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
(Барлығы бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)
Осы кезде құлаққа жағымсыз әуенмен ортаға Түлкі мен Мысық кіріп келіп, Алтын кілтті ұрлап әкетеді. Буратино Алтын кілтін іздей бастайды, таппайды.
Мальвина: Балалар, Алтын кілтті кім алды, білесіңдер ме? Айтыңдаршы.
Балалар: Түлкі мен мысық алды. (айқайлайды)
Мальвина ұрыларды ұстап, Буратиноға әкеліп береді.
Түлкі: Буратино, балалар, бізді кешіріңдер. Біз ағаттық жасаппыз.
Мысық: Алтын кілтпен сандықты ашып, сыйлыққа кенелмек болдық. Кешіріңдер Буратино: Балалар, кешіреміз бе?
Балалар: Я
Буратино: Олай болса, құлыншақ тобының балаларының өнерін бірге тамашалау үшін Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық
Жүргізуші: Балалар, біз асыға күткен Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз да жетіп қалыпты. Олай болса, біздің мерекеміздің жақсы өтіп жатқанын олар да білсін, қане, бәріміз көңілді түрде Аяз атамыз бен Ақшақарды қарсы алайық!
Балалар: - Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар, аууууууууу
Аяз ата: Амансыңдар ма, балғындар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін!

Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,
Сұлу айдай қиылып,
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе, балалар,
Амансыз ба, қонақтар.
Бүгін міне ортаға,
Келіп қалды жаңа жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы достар көбейсін.

Жүргізуші: Армысыз, Аяз ата, ақсақалым,
Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым!
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өзіңізді барша қауым.
Аяз Ата Ақшақар біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Балалар ортаға шығып «Аяз Ата» әнін орындап берейікші
Би «Көңілді Жаңа жыл» биі (бір топ сүйкімді бүлдіршіндеріміз қошеметтеп отырайық) Әлинұр, Ақжүрек, Мұқағали, Інжу, Айназ, Әдемі, Нұрдана, Нұрғали
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызға өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық. (Әлинұр, Ақмаржан, Айназ, Мұкағали, Бағдаулет, Нұрғали)

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан, Әлинұр
Аяз ата оралып.

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап Ақмаржан
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап

Құтты болсын, Жаңа жыл! жүктеу
7 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Құтты болсын Жаңа жыл!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, орман аңдарының карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×