Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құтты болсын, Жаңа жыл!

19 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар.. Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Қыдыралиева Лайсира Батырқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Аделья:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Жансая:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Арай:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен
бірге ойын ойнап ән салайыншы.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: қане, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады тегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, қарсы алайық
Балалар: Аязата, Ақшақар! (деп 2 рет қайталайды)
Аязата: Сәлеметсіңдер ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Мешінмін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Балалар: Бір екі үш шырша жарқырай түс (3 рет айту керек)
Шырша жарқырайды.?
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар!. Алыс жолдан шаршап келдіңіздер ме? отырып демалыңыздар. Бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға деген тартуларын тамашалаңыздар. Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: Шырша жыры»
Би: Қуыршақ биі»
Жүргізуші: Аяз ата біздің бүлдіршіндер жаңа жылға арнап тақпақтар дайындап келіпті
Бақдәулет:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Анзор:
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен
Арай:
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Жанерке:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Құтты болсын, Жаңа жыл! жүктеу
3 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жыл мерекесін сезінуге үйрету, киіпкерлерге қызығышылығын ояту, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Музыка ойнап тұрады.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Буратиноның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Сәуле Сатыбалдықызына беріледі. Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×