Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа жыл!

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кеш.
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун, бастауыш сынып оқушылары, жаңа ит жылы, ескі тауық жылы.

Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.
1 Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шарша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

2 жүргізуші:
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі - екіден залға кіреді)

1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2 Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата - аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары да жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?
- Жаңа жыл!!

2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.
Хоровод Шырша әні

2 Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не?
– Шырша!
1Жүргізуші:
Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?

1 сынып оқушысы:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса!
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

2-сынып оқушысы
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер

2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады).
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы! Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.
Мен мұрынды ұстадым! 1, 2, 3 өзі құлағын ұстайды
- Мен басымды ұстадым 1, 2, 3 иығын ұстайды
Мен құлақты ұстадым1, 2, 3 бетін ұстайды
Мен құлақты жасырдым1, 2, 3 өзі қол соғады

Қарағанды қаласы,
№68 МИББ кешені
Кабышева А. Ш.

Қош келдің, Жаңа жыл! жүктеу
21 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Буратиноның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×