Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуғын - сүргін құрбандары

12 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қуғын - сүргін құрбандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: концерттік
Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.

Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 1929 - 1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан «Құғын - сүргін құрбандары» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. Кешімізді бастамас бұрын «Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ».
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
2 - жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
1 - жүргізуші:
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 - хатшысы болып келген Ф. И. Голощекин республиканың саяси - экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардың ішінде қазақстандық Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т. б. болды.

2 - жүргізуші:
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен"
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»
- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді
Оқушы: (Балауса) Халқым, елім, жерім, Ата-мекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде, не жаздым соншама? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата - бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!
1 - жүргізуші «Видеоролик: Қанмен жазылған хат»
2 - жүргізуші:
1937 - 38 жылдары құрбан болған: «Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т. б.; большевизмді Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов, І. Жансүгіров, Б. Майлин және т. б., түркішіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т. б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа «Қазақшыл» азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40 - шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. «Ұлы державалық мүддені» қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінде «ұлы державалық шовенизм» үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси - қуғын кезеңі болды.

1 - оқушы
Ойсыраған орның толмаса да,
Күтті сені қанша жыл – Ел босаға.
Амал нешік?!
Дәстүрден тайды халқым,
Аққуларды атуға болмаса да!
Әлде кімге білгің жақпады ма?
Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?
Отызға жасы жеткен ағаларды,
Ақ - құрасын айырмай атқаны ма?

Қуғын - сүргін құрбандары. жүктеу
11 479
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап - қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия
Тоталитарлық режимнің орнауы, саяси репрессия. Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қиянова Илаш Қалымқызы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы  қоғамдық-саяси жағдайы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×