Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі
тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы

Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына талдау жасау, саяси қысым жағдайындағы республиканың сол кезеңдегі даму қорытындыларын шығару;
Сабақтың міндеттері:
а) білімдік: Оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау;
ә) тәрбиелік: Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету;
б) дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажыратып білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландырып, ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі Шығармашылық ізденіс, проблемалық оқыту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалық мазмұндау
әдісі, топтық шығармашылық жұмыстар
Сабақта қолданылатын жаңа технология: Интерактивті оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек-сызбалар, ұлт зиялыларының
суреттері, үлестірмелі топтамалар, слайдтар
Базалық білім: Жеке басқа табынушылықтың шегіне жетуі, зардаптары, Сталиндік репрессия
құрбандары, Қазақстандағы ГУЛАГ түрмелері
Тірек ұғымдар: Бюрократия, репрессия, «Голощекин геноциді», ГУЛАГ, жеке басқа табыну,
тоталитаризм
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет

Тақырыпты оқыту жоспары:
1. Сталинизмнің орнығуы. Жазалау шараларының күшеюі.
2. Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері.
3. Қазақстан - лагерлер өлкесі.
4. Зұлматты жылдар сұмдықтары.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық:
- оқушылармен қалыпты психологиялық климат орнату;
- оқушыларды үш ғылыми орталыққа бөлу, орталық жетекшілерін тағайындау,
ғылыми орталықтарға ат қою;
1. «Өлкетану» ғылыми орталығы;
2. «Тарих» ғылыми орталығы;
3. «Ақиқат» ғылыми орталығы;
ІІ. Жаңа білімді меңгерту: §14. Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы
қоғамдық-саяси жағдайы
Жаңа сабақты баяндау барысында оқушыларға төмендегідей кестеге тақырыптағы басты ұғымдар, даталар, атаулар мен сандық мәліметтерді түсіріп отыруды тапсырдым. Бұл кесте сабақты бекіту бөлімінде талқыланады.
«Ой түйін» кестесі:
Басты ұғымдар Даталар----------- Атаулар, есімдер ------------ Сандық мәліметтер

Мұғалім кіріспесі: Жоспардың бірінші мәселесін тірек-сызба арқылы түсіндірдім.

1-тірек-сызба
ІІІ. «Ғылыми зерттеулерге жол ашық»
Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз зерттеулерін талдап, қорытындылайды.
Шарты: -тақырыптың айқындылығы, нақтылығы ескеріледі;
-сөз байлығы, тіл шеберлігі ескеріледі;
-тірек-сызбалар арқылы қорғау;
1«Өлкетану» ғылыми орталығының зерттеуі
Тапсырмасы: Қазақстандағы тоталитаризмнің көрінісіне сипаттама беру
2«Тарих» ғылыми орталығының зерттеуі.
Тапсырмасы:
Қазақстандағы 1930жылдардың бас кезеңіндегі лагерлер жүйесіне сипаттама беру.
3 «Ақиқат» ғылыми орталығының зерттеуі.
Тапсырмасы: 1937-1938 ж. ж. сталиндік қуғын-сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру. (М. Тәтімов дерегі бойынша)

ЗҰЛМАТТЫ ЖЫЛДАР СҰМДЫҚТАРЫ
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту бөлімі: «Жұлдызды сәт»
Әр ғылыми орталыққа үлестірмелі топтамалар арқылы шығармашылық тапсырмалар таратылып жауаптары талқыланды.
«Өлкетану» ғылыми орталығы: «Жазықты ма, ағалар?» өлең шумағын шығару

«Тарих» ғылыми орталығы: 10 баламалы тест сұрағымен жұмыс
1. 1930ж 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды?
а) Ж. Аймауытов
ә) М. Жұмабаев
б) А. Байтұрсынов
в) М. Дулатов

2. Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы
а) Е. Бекмаханов
ә) Ә. Марғұлан
б) М. Шоқай
в) С. Асфендияров

3. Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ түрмелеріне жабылып, атылды?
а) 22 мың б) 27 мың
ә) 25 мың в) 39 мың
4. ХХғ. 30-жылдары тоталитарлық казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?
а) Ф. И. Голощекин
ә) И. В. Сталин
б) Н. С. Хрущев
в) Н. И. Ежов

4. “Социолизм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі” деген сталиндік теорияның салдары:
а) жазалау шараларын енгізді
ә) “Халық жауларын” жаппай жазалау басталды
б) жеке адам құқығы аяққа тапталды
в) барлығы дұрыс
«Өлкетану» ғылыми орталығы:
Тапсырма: ГУЛАГ пен КСРО түрмелеріндегі қамауда отырғандар жайлы статистикалық
дерекпен жұмыс (9 сынып хрестоматия 105 бет)

Ү. Рефлексия. «Ой түйін» кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақта қандай білім алғандығы туралы және сабақта алған әсерлері жайлы өз пікірлерін білдіреді.
ҮІ. Қорытындылау.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар-
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
1920-1940 ж. ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды.
1997ж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.

ҮІІ. Үйге тапсырма. - тақырыпты оқу, мазмұндау;
- Биопоэма жазу (Ф. И. Голощекинге, Т. Рысқұловқа);
-2 проблемалық сұрақ дайындау;
ІХ. Бағалау. Сабақ соңында әр топтың белсенділігі анықталып, топ ішіндегі белсенді оқушылар білімі бағаланып, марапатталады.
22 204
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде - кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қиянова Илаш Қалымқызы
1920 - 30 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
1920 - 30 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы №14 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жанаева Ақкенже
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×