Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

11 мам 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?

Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, Жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата - бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!»

Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі... Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Біз бүгін басып жүрген топыраққа ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамып келген.

Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.

Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1 - хатшысы болып келген Ф. И. Голощекин республиканың саяси - экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысып «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардың ішінде қазақстандық Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т. б. болды.

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын - сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Жалпы 1930 - 1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі - бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.

Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын - сүргін құрбандары күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналған іс - шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын - сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады.

Гүлім Жақан
11 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап - қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қуғын - сүргін құрбандары
Қуғын - сүргін құрбандары
Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасау.
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым
Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым
Тәуелсіздік туралы болашақ мамандардың білімін толықтыру; Студенттерді жеке шығармашылық ізденіске үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×