Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл басы - Наурыз

10 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
(Балалар қолдарында бәйшешек, қызғалдақ гүлдер, музыкамен кіріп, билейді.)
Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа - жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
Музыка ойналады –(Наурыз қыз, бір топ қыздарымен келеді)
Мен «Наурыз – қызбын»
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!
Тыңдаңыздар, енді халқым
Жыл иесі жылқыны!- деп қолымен көрсетеді, осы кезде музыка ойналады.
Есік жақтан жылқы шығады: Мен жылқы жылы боламын
Жалғаймын ұлу жылды
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп
«Балдырған» тобының қонағымын

Жүр: Қош келдің, жылқы жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
бейбіт жылы боп кір, төрге шық
Бүгінгі ән - думан өзіңе арналады

Ән: «Наурыз келді»
жылқы: Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Ислам: Салтымен ата – бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа – жыл басы – бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!

Тақпақтар
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады

Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің

Наурыз айы – гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы

Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық – дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Қоян мен Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. ( Бекзат пен Дильназ )

Диас: Айналайын халқым – ай
Құтты болсын салтың – ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын – ай

Айсана: Айналайын халқым – ай
Болсын жүзің жарқын – ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай

Диас: Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам – ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам – ай

Айсана: Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді

Диас: Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?

Жыл басы - Наурыз. жүктеу
2 767
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Сценарий праздника «Наурыз мейрамы»
Сценарий праздника «Наурыз мейрамы»
Расширить представление у воспитанников об общенародном празднике весны, мира, труда, единства и обновления. Воспитывать уважение к традициям и обычаям казахского народа
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×