Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, Әз Наурыз!

12 наурыз 2022, Сенбі
Армысың, Әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
Қош келіпсің, құрметті ата - аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

Тәрбиеші:
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз Күлімде
Өнерлі, өршіл өренді
Халық жақсы көреді.
Мың бұралған бишіге
Енді кезек келеді
Би: «Қазақтың қыздары»

Тәрбиеші: Балалар далада жылдың қай мезгілі? Қандай ай?

Наурыз - жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Наурызда күн мен түн тенеседі, жаңа жыл келеді. Наурызнама – шат - шадыманды ойын - сауық тойы.
Наурыз айында болатын қандай мерекелерді білеміз?

Хормен: Қош келдің, Наурыз - гүл көктем!

Тәрбиеші:
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алып,
Досқа құшақ ашайық
Өлең - жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!- дей келе ортаға Жиеналина Армангүлді «Наурыз - біздің жаңа жыл»әнімен шақырамыз.
Ақгүл:
Наурыз - көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз жаңа серпін, жаңа леп.

Гүлнұр: Наурыз - қуаныш мерекесі
Бақыт пен шаттықтың мерекесі.
Абылай: Наурыз - шаруаның мерекесі
Наурыз еңбектің мерекесі.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы,
Қарабұтақ орта мектебінде
мектепалды даярлық тобында тәрбиеші
Тныбекова Гульшара Апураевна

Толық нұсқасын жүктеу
10 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Армысың, әз - Наурыз!
Армысың, әз - Наурыз!
Армысыздар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа - жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы
Сценарий праздника «Наурыз мейрамы»
Сценарий праздника «Наурыз мейрамы»
Расширить представление у воспитанников об общенародном празднике весны, мира, труда, единства и обновления. Воспитывать уважение к традициям и обычаям казахского народа
Армысың - Әз - Наурыз!
Армысың - Әз - Наурыз!
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жаңа жылдан үміт күтіп, ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Міне біздің асыға күткен жаңа тауық
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×