Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ынтымақ мерекесі

05 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ән ұран орындалады.
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Әлинұр: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Еркежан Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Абылай Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Ерсұлтан Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Мағзұм Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Жүргізуші:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ғалымжан Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Арнұр: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Әлен: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан.
Өсиет, ұраным,
Отаным – Қазақстан.
Тақпақтар:
Сания Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Санжар: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Бекжан: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Мадина Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
- демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.
Эльмира Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер - дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Алуа Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Шұғыла Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Дильназ Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Махаббат Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.
(Ән «Атамекен»)
Дана Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Нұрасыл Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.

Адина Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Тоғжан Алтын бесік – ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс - жүзінде Тіл заңын.
Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивальімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
Советхан Шұғыла қазақ би
Нұржанқызы Мадина ақ көгершін әні
4 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×