Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

25 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1 - Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер!
Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.
4 топ: Тақпақтар:

Диара: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Ксения: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.

Арсен: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.

Бекзат: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.

Айжан: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Ән «Керек маған тыныштық».
Би «Көбелектер»

3 топ
Тақпақтар:
1 - бала: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

2 - бала: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

3 - бала: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан.
Өсиет, ұраным,
Отаным – Қазақстан.

Ән «Домбырасыз ән қайда»
Би: «Шығыс биі»

5 топ
Тақпақтар:
Мадина: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Мадияр: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!

Нурали: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!

Би «Достық биі»
Ән «Көбелек» ---------
Ән «Ақ тілек» 5 топ балалары.

Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивалімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
3 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек
Татулық достық мерекесі
Татулық достық мерекесі
Бейбітшілік - осы бір асыл сөз қазіргі бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті адал ойлы адамның жүрегінен орын алады. Қазақ халқыда мейірбан кең пейілді бауырмал. Қазақстан республикасы кең байтақ оның негізгі халқы қазақтар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×