Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс

05 мам 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
(Ән ұран орындалады.)

1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі
Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші:
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.

1 - жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Ендеше сайысқа қатысушы ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз.
Қазақ ұлт өкілдерін қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Орыс ұлт өкілдерін қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Өзбек ұлт өкілдерін қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Грузин ұлт өкілдерін қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Кәріс ұлт өкілдерін қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Испан ұлт өкілдерін қарсы алайық.
Үнді ұлт өкілдерін қарсы алайық.

2 - жүргізуші: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр,- дей келе құттықтау сөз балабақша директоры Баян Орынбасарқызына беріледі.
1 - жүргізуші: Ал құрметті халайық
Сайсты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер,- дей келе сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. балабақша әдіскері: Байбулатова Гүлбаршын Жолдығалиқызы

2 - жүргізуші:
2. ата - ана: Абишов Амандық Өмірзақұлы

1- жүргізуші:
3. орыс тілі маманы: Нармағамбетова Лаззат Тажіденқызы

Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз,- дей келе сайысымызды бастаймыз.

2 - жүргізуші:
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету
3. «Бір шаңырақ астында»- атты сурет көрмесі
4. Әр ұлттың тағамдары

Сайысты бастамас бұрын сайыскерлеріміз ортаға келіп реттік санын суырсын.
1 - жүргізуші:
1. Грузин ұлты
2. Орыс ұлты
3. Испан ұлты
4. Кәріс ұлты
5. Өзбек ұлты
6. Үнді ұлты
7. Қазақ ұлты

1 - жүргізуші: Бірінші кезең бойынша әр ұлт өздерін таныстырсын.
1 кезең бойынша әділқазылардан өз бағасын беруді сұраймыз.

2 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Өнерпаздар шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!- дей келе, келесі кезекті
Өз өнерін көрсету кезеңіне береміз.

1. Лезгика
2. Ән «Веселые матрешки»
3. «Фламинго» биі
4. Кәріс биі
5. Өзбек биі
6. Үнді биі
7. Би «Бипыл»

1 - жүргізуші: Ендігі кезек әділқазыларға беріледі.

2 - жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

1 - жүргізуші: Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз,- дей келе келесі «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сурет көрмесімен жалғастырайық.

2 - жүргізуші: Ендігі кезек әділқазыларға беріледі.

1 - жүргізуші:
Келесі кезекте ұлттық тағамдарын ортаға алып келсе, және сол тағамның дайындалу жолын түсіндіру.

2 - жүргізуші: Ендігі кезек әділқазыларға беріледі.

Бүгінгі сайыстың Қорытындысы дайын болғанша «Әрқашан күн сөнбесін», «Достық» әндерін ортаға шырқайық.
1 - жүргізуші: Әділқазыларға сөз кезегін береміз.
2 - жүргізуші: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!- дей келе бүгінгі сайысқа қатысқан ата - аналарымызға рахмет айта отырып мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Атырау қаласы МКҚК
№29 "Нұрсая" бөбекжай - балабақшасы
саз жеткешісі Жайлашева Динара Жаңабайқызы
24 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×